Жаңа спорт кешені салынады

Жаңа спорт   кешені   салынады

 

Алып Ертіс өзенінің қос қапталына орналасқан Семей қаласының сол жақ бөлігінің дамуы былтырдан бері жаңаша сипатқа еніп келеді. Облыс орталығы мәртебесі оралғанына қала тұрғындарының көкейінде үміт оты күшейгенімен, жоғары атқарушы билік көбіне оң жағалауға ғана көңіл бөліп отырғандай көрінетіні рас еді. Әсіресе, жаңадан бой көтерген «Қарағайлы» ықшамауданындағы «Абай-арена» әмбебап спорт кешенінде өтіп жататын түрлі мәдени-спорттық іс-шаралар жоғары деңгейде өткізілген сайын оң жақ бөлігінде тұратындар «көштен қала бастағандай» күй кешетін. Енді, міне, сол бір олқылықтың орны толатын болды. 

Кеңестік дәуірде қолданыста болып, кейін әртүрлі жылдар кезеңіндегі күрделі жағдайларға байланысты семейліктер пайдаланудан қол үзген «Пищевик» стадионының орнына 10 мың көрерменге арналған заманауи спорт кешені салынатыны сол жағалау тұрғындарын қуантып отыр. 

Абай облыстық әкімдігі баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне сүйенсек, болашақ спорт аренасының соңғы эскизі бекітілген. Нысанның ЖСҚ (жобалық-сметалық құжаты) құжаты да әзір, құрылыс жұмыстары биыл қазан айында қолға алынатын болады. Ал, оны аяқтау 2026 жылдың ақпанына жоспарланып отыр.

 

 

Стадион спорттық жаңашылдықтың символы ғана емес, әуесқой футболшылар мен жалпы жұртшылықтың қызығушылығын арттыратыны анық. Одан бөлек бұл нысан пайдалануға берілген соң, спорттық жарыстарды өткізуге арналған арена ғана емес, сонымен қатар түрлі жастағы тұрғындардың жиі бас қосатын орындарының бірі болады.

Стадион құрылысын Қазақстанның спорттық инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам деуге әбден болады. Ол жарыс кезінде көрермен мен спортшыларға қолайлы жағдай жасау үшін заманауи технологиялармен жабдықталады. Он мың көрермендік сыйымдылығымен қоса ерекше дизайнымен жергілікті тұрғындардың ғана емес, сонымен қатар қала қонақтарының да назарын өзіне тартатынына сенім мол. Сонымен қатар бұл жерде концерттер, фестивальдар және көрмелер сияқты әртүрлі ойын-сауық әрі мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, сол жағалау тұрғындарының қызыға келетін демалыс орны болмақ. 

Осылайша, қазақ футболының отанындағы жаңа стадион спорттық жаңашылдықтың символы ғана емес, спорттық іс-шаралар, ойын-сауық және мәдени іс-шаралардан ләззат алатын, азаматтардың қоғамдық байланыстары мен бірлігін нығайтатын үлкен орталыққа айналмақ.

 

Сәтжан Қасымжанұлы, 

Абай облысы

 

26.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЖ департаменті үздіктері марапатталды
Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті - 06.05.2024 55
ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТӨРТ ҒИБРАТЫ…
Марфуға ШАПИЯН Online Qazaqstan - 06.05.2024 52
«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ!»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы - 06.05.2024 58
Көп тыңда. Аз сөйле
(с) Бауыржан Момышұлы - 06.05.2024 36
Экологиялық акция жалғасып келеді
«Aq jol» газетінің тілшілер тобы - 05.05.2024 25

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1285
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7330
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11198
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7387
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7537