ЖАҢАРУ КҮНІ ТАЛ ОТЫРҒЫЗУ ШАРАСЫ ӨТТІ

ЖАҢАРУ КҮНІ ТАЛ ОТЫРҒЫЗУ ШАРАСЫ ӨТТІ
Наурыз мерекесін атап өтудің алтыншы күні - Жаңару күні.Бұл күн көктемгі ағаш отырғызу дәстүріне арналды.
"Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі.
Бұл күні үлкендер тал егу жұмысы арқылы балалардың табиғат-анаға, күллі жаратылысқа деген ықыласын оятып, адам баласының табиғатпен үйлесімді түрде дамитынын ұғындырады.
Бүгін аудан орталығы Жаңатас қаласындағы «Жасыл белдеу» алаңшасына тал отырғызу шарасы өтті.
Шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандағы аға буын өкілдері – ардагерлеріміз, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері мен жастар қатысты.
Наурыз табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгілі, тазалық пен еңбек айы екендігін айтқан аудан басшысы тал егуге келген көпшілікті мерекемен құттықтаса, аудан қариялары тал-дарақтар отырғызу ежелден келе жатқан дәстүр екендігін айтып, игілікті шараға ризашылықтарын білдіріп жатты.
Қоршаған ортаның жақсаруына, шырайының әрленуіне, жасы желекке бөленуіне өз үлесін қосуға келген аудан азаматтары тал отырғызу шарасына құлшына кірістіп кетті.
Бүгінгі Жаңару күні тал егу жұмыстары аудандағы барлық елді мекендерде өтіп жатыр.
Сарысу ауданы әкімдігі
19.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖАҢААРЫҚТАҒЫ ДОП ДОДАСЫ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 20.05.2024 41
Семейде бір ай бұрын жоғалған қыз өлі табылды
Альфия Адамбек, Turkistantvkz инстаграм парақшасы - 19.05.2024 80
 ШАРДАРАЛЫҚ КӘСІПКЕР БІРНЕШЕ ЦЕХТЫ ІСКЕ ҚОСПАҚШЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 18.05.2024 58

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1594
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7627
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11506
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7669
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7827