Әлхамдулилла, 14 500 000 ҚАЗАҚПЫЗ!

Әлхамдулилла, 14 500 000 ҚАЗАҚПЫЗ!

Қазақстандағы халық саны 20 500 000-ға таяды, қазақтың саны 14 500 000-ға жетті. Шетте 5 000 000-нан аса қазақ бар. Тіпті кейбір сарапшылар шеттегі қазақтардың саны жеті миллионнан асады деп жүр. Сонда жер бетіндегі қазақтың саны 20 000 000-нан асып жығылады. Бұл – ірі ел, ірі халық. Әлемде тіпті халқының саны миллионға жетпейтін елдер бар. Өз елдерінің тізгінін мықтап ұстап отырған екі-үш миллион халқы бар елдер де жетерлік.

Егер сапамызды арттырсақ, осы санмен-ақ әлемді билеуге болады. Оны еврейлердің мысалынан-ақ көріп отырмыз. Айналасындағы 500 миллионнан асатын халқы бар мұсылман мемлекеттерін ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап, бастарына әңгіртаяқ ойнатып отыр. 9 миллион халқы бар Израиль қаймықпастан 90 миллион халқы бар, бір кездері алып империя болған Иранға аш қасқырдай тарпа бас салды....

Ресейде орыстардың саны жүз миллионның о жақ, бұ жағында. Шынына келгенде, таза орыстардың саны бұдан әлдеқайда аз болуы да мүмкін. Орыс болып жазылып жүрген басқа ұлттың өкілдері қаншама! Қалай десек те, қандай империя құрды? Қанша жек көргенімізбен, білім-ғылымы қарыштап дамыған. Әскери техниканың түр-түрін шығарады. Әлемде әскери әлеуеті жағынан екінші орында. Ал бір жарым миллиардтан аса халқы бар Қытай мен Үндістан Ресейден кейін орналасқан.

Ендеше қазіргі кезеңде көп нәрсені ғылым-білім шешеді. Техниканың заманы. Мойындауымыз керек, бұл жағынан біз ұяттымыз. Әскери техника түгілі, белесебет шығара алмаймыз. Әрине, күйінесің! Неге осыншалықты сорлы болдық екен?!

Ресейге неге бодан болдық? Зеңбірекке жалаң қылышпен қарсы шаптық. Әрине, қырылдық... Жеңілдік... Қазір де тап солай!

Құдай қолдап, тәуелсіздік алдық. Бірақ, көріп отырсыздар, қауіп әлі сейілген жоқ. Тәуелсіздігіміздің баянды болуы тек қана өзімізге байланысты. Етек-жеңімізді жиып, әскери әлеуетімізді үздіксіз көтеруіміз керек. Жан-жақты даму керек. Басқа жол да жоқ.

Қазақстан басшылығы осыны ескерсе екен дейміз! Басқа не дейміз?!

Думан РАМАЗАН

 

27.06.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14857
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14755
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29902
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28519
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 32079