Ерекшелігі сол – Ақмарал Ерекешева дүниежүзілік додада екі бірдей алтын жүлде жеңіп алды. Байрақты бәсеке Болгарияның София қаласында өткен болатын. Қазақстандық қыз, әсіресе доппен жаттығуда 26.150 ұпай жинап, Әлем чемпионы атанды.
Бұл – тарихи жетістік. Себебі Қазақстан спортшысы алғаш рет көркем гимнастиканың дәл осы бағытында жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында жеңіске жетіп отыр. Артынша Ақмарал таспамен өнер көрсетуде де ең жоғары ұпай жинап, ұлттық құрама қоржынына екінші алтынды салды. Сондай-ақ ол шығыршықпен орындалатын жаттығуда да финалға шығып, жарыс қорытындысы бойынша күміс медаль жеңіп алды. Осылайша бір ғана Ақмарал Ерекешева Әлем чемпионатынан 2 алтын және 1 күміс жеңіп, өте керемет нәтиже тіркеді. Айта кетейік, Ақмаралды жоғары дәрежедегі бапкер, астаналық Меруерт Балғынбаева жаттықтырады.
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ