АУЫЗ СУДЫҢ САПАСЫ

АУЫЗ СУДЫҢ САПАСЫ

 

Судың сапасын бағалау суды пайдалану түрінен қарап жүргізіледі. Тәжірибелік көзқарастан, оларға қойылатын жеке талаптарына сәйкес, суды пайдаланудың келесі түрлерін ажыратады: орталықтанған сумен қамтамасыздандырудағы ауыз суы үшін, орталықтанбаған (жергілікті) сумен қамтамасыздандырудағы (құдықтардың, бұлақтардың) ауыз суы үшін.

Тұрғындардың шаруашылық-ауыз су қажетіне пайдаланылатын су келесі гигиеналық талаптарға сәйкес келуі қажет:

1. Органолептикалық қасиеттері жағымды, мөлдір, түссіз болуы және суға тән емес ешқандай бөгде дәм мен иістің болмауы;

2. Адам ағзасына зиянды әсерлерді беру қабілеті бар тұздар мен уытты заттардың шамадан артық мөлшерде болмауы;

3. Патогенді қоздырғыштардың, гельминттердің жұмыртқалары және личинкаларының болмауы.

Орталықтанған сумен қамтамасыздандыру жүйесіндегі ауыз судың сапасына қойылатын талаптар санитарлық ережелер нормативті құжатында берілген. Осы стандартқа сәйкес ауыз су эпидемиологялық және радиациялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық құрамы бойынша зиянсыз және жағымды органолептикалық қасиеттері болуы керек.Қазіргі уақытта жердің беткі қабатындағы су көздерін пайдаланушы су құбырының су тарату желісіндегі судың вирустармен ластануын бағалау үшін колифагтарды анықтау қабылданған. Олардың көрсеткіші болып 100 мл судағы түйін құраушы бірліктердің (ТҚБ) саны қабылданған. Олар ауыз суда болмауы қажет. Ауыз суда патогенді микроорганизмдер және гельминттер мүлдем болмауы тиісті. Олардың болуы сумен қамтамасыздандыру жүйесінде маңызды ақаулардың барын және ауыз су құбырының канализация коллекторымен немесе өнеркәсптік су жүйесімен тікелей байланысының барын көрсетеді.

Қорыта айтқанда,қоршаған ортаны қорғаудың тиімділігін жоғарлатудың ең басты жолы — өндіріске ауа, топырақ және су құбырларының ластануын кемітетін қор сақтау, аз қалдықты және қалдықсыз жаңа технологиялық процестерді кеңінен енгізу.Тағы бір айта келетін жай – ағын суларды су құбырларына жіберіп, суды ластаған өндіріс орындары мен мекемелерді халықтың игілігіне, тұрмыс қажетіне пайдаланып жүрген су құбырларына не болса соны, яғни тамақ қалдықтарын, шөлмектер мен синтетикалық, өзен мен көл жағасына барып машиналары мен техникаларын жуып, суды ластап және жағадағы жасыл шөпті өртеп, ағаштарды кесіп отқа жағып, қоршаған ортаны ластап, табиғатты бұзушыларды заң жүзінде қатаң тәртіпке шақыру керек.

Судың жетіспеуінің алдын алуға бағытталған іс-шараларға ең алдымен суды тиімді пайдалану мен оны территориалдық жағынан өзгерту жатады.Судың сарқылуы мәселесін шешу үшін төмендегі іс-шараларды жүзеге асыратын болсақ жақсы нәтижеге кенелеміз деген ойдамын:

1) Суды тиімді пайдалану технологияларын қолдану;

2) Өндірісте суды бірнеше рет қайталап пайдалану;

3)Ауыз су мақсатында берілетін суды өндірістік процестер де пайдаланбау.   Бұл әсіресе, жоғары сапалы жер асты суларына қатысты;

4) Ауыз суды тамаққа, тұрмыстық мақсатта пайдаланатын судан бөлек құбырмен беру. Суды мөлшерлі түрде беру және оның ысырап болуына жол бермеу;

5)Суға экономикалық тұрғыдан негізделген баға қою. Нақты бағалау нәтижесінде судың ысырап болуын біршама төмендетуге болады.

Судың ластануын кеміту шаралары ең алдымен суды пайдалану, тазалау әдістері мен технологиялық процестерін жетілдірумен байланысты суды тазарту әдістерінің ішінде биологиялық әдістер өте тиімді және жақсы нәтиже  береді.

«Наурызбай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының»  мамандарымен ауыз судың сапасына  үнемі бақылау жүргізіліп отырады .

         Басқарма бойынша жыл сайын аудан халқын  таза ауыз сумен жабдықтау барысында санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг жоспары бар. Осы жоспарға сәйкес 2023 жылы микробиологиялық зертханалық зерттеуге- 97, санитарлық химиялық зертханаға-97 ауыз су сынамалары алынып, қорытындысы бойынша сәйкессіздіктер анықталмады. Су көздерін қорғау мақсатында, тұрғындардан табиғатты қорғауды: суды, топырақты, атмосфералық ауаны ластаушы көздердін болдырмауды сұраймыз.

 

 

 

 

 

 

Наурызбай аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Шбекбаева Бақытгүль Заманбекқызы
28.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1045
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7092
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10944
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7158
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7303