Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы қолдауды қажет етеді

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы қолдауды қажет етеді

Балалар мен жасөспірімдер өте арманшыл келеді. Олар өздерінің бойындағы ерекшеліктерін, таланттарын көрсетуге тырысады. Осындай сәтте әр ата-ана, әр жетекші мұғалім бала қиялына қолдау білдіріп, шоқтай жанған арманын тұтатып жіберсе жетіп жатыр. 

2026 жылы Қазақстанда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған жобалар жаңа деңгейге көтерілді. Елде түрлі мәдени фестивальдер, байқаулар мен өнер жобалары ұйымдастырылып, жас таланттарды қолдау күшейтілді.

Халықаралық ұйымдардың мәліметінше, мұндай бастамалар балалардың мәдени ортаға араласуын арттырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді. Әсіресе, өңірлерде өткізілетін фестивальдер балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыруда маңызды рөл атқарады.

Сарапшылардың айтуынша, шығармашылық жобалар балалардың өзін-өзі танытуына жағдай жасап қана қоймай, олардың болашақ мамандығын таңдауға да ықпал етеді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы жылдары да жалғасады.

Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы – тілді, құндылықтарды және мәдени тәуелсіздікті қалыптастыратын Қазақстан болашағының негізгі ресурстарының бірі.

Бала қысқа бейнелер түсіре бастағанда немесе әңгімелер жаза бастағанда, ол жай ойнап қана қоймайды – ол болашақ экономиканың тілін меңгереді. Шығармашылық жаңа сауаттылыққа айналады, ал балалар мазмұны – жас ұрпақтың назарын өз мәдениетінде ұстаудың тәсілі. Бұл дәстүр мен қазіргі заман арасындағы көпірдің бір түрі, ол балаларға өз құрдастарына түсінікті тілде көргендері мен сезімдері туралы айтуға көмектеседі.

бүгінде қолында телефоны бар бала-әлеуетті режиссер, журналист немесе продюсер. Балалардың медиа форматтары, анимациялары мен подкасттары маңызды нәрселер – экология, тіл, дәстүр, Қала туралы сөйлесуге мүмкіндік береді. Мұндай жобалар арқылы өзін-өзі тану және елге қатысу сезімі артады. Жасөспірімдер өз идеяларының назар аударатынын көргенде, олар Қазақстанды абстрактілі мемлекет ретінде емес, олардың дамуына қатысатын жеке кеңістік ретінде қабылдай бастайды.

Мемлекет қазірдің өзінде бағытын белгіледі. 2025 жылға дейінгі креативті индустрияларды дамыту тұжырымдамасында балалар мен жастар бағыттары кино, музыка және өнермен бір қатарда тұр. Бұл балалар мазмұнына инвестиция салу шығындар емес, кәсіпқойлардың болашағына қосқан үлесі екенін мойындау. Сонымен қатар, жастарды шығармашылық салаға тарту Ел ішіндегі таланттарды сақтауға және жас авторлардың өздерін тең дәрежеде жүзеге асыруға мүмкіндігі бар бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастыруға көмектеседі.

Сондай-ақ елімізде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларды жан басына қаржыландыруды көздейтін нормалар енгізілді.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2020 жылдың қыркүйегіндегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарында Мәдениет және спорт министрлігінің алдына еліміздің тұрғындарын ең алдымен балаларды бұқаралық спорт түрлерімен айналысуға белсенді тарту, спорт секцияларын ашу және балалар үйірмелерінің қызметін қайта жандандыру міндеті қойылған болатын. Осы орайда Заңнама және мемлекеттік тапсырыс институтын енгізу арқылы балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелер мен спорттық секцияларды жан басына қаржыландыруды көздейтін нормалар енгізілді. Осы жұмыстардың атқарылуына белсенді атсалысқан ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинға үлкен алғысымызды айтамыз», - дейді ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов.

Оның айтуынша, бұл тараптағы жұмыстар министрліктің, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мемлекеттік органдардың бірлесе жұмыс істеуі арқасында жалғасып жатыр.

«Бірінші кезекте, Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен келесі құқықтық актілер бекітіліп, қабылданды. Бірінші, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерге мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары. Екінші, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерге жан басына нормативтік қаржыландыру қағидалары. Үшінші, мемлекеттік тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесі. Төртінші, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің және спорттық секциялардың рейтингін анықтау қағидалары. Мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыс 4 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға, оның ішінде ерекше қабілеттері бар балаларға қолданылатын болады. Шығармашылық үйірменің 59 түрі қарастырылған. Әр баланың қызығушылығына қарай мемлекеттік шығармашылық, спорт және қосымша білім беру тапсырыстар аясында көзделген 2 үйірмеге тегін қатысуға болады», - дейді ол.

Дайындаған -- Нағашыбай Қабылбек

25.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29855
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29413
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46635
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 42205
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46985