Биыл бес су қоймасында батиметриялық және топографиялық түсірілімдер жүргізілді

Биыл бес су қоймасында батиметриялық және топографиялық түсірілімдер жүргізілді

«Қазсушар» РМК-ның «Су-метрология» филиалы биыл Шардара су қоймасында 18 мың гектардан астам аумақта батиметриялық, сондай-ақ 72 мың гектардан астам аумақта топографиялық түсірілім жұмыстарын аяқтады. Қазіргі уақытта далалық зерттеу нәтижелері өңделіп, қорытынды есеп әзірленіп жатыр.
2025-2029 жылдарға арналған «Батиметрия саласындағы су шаруашылығы жүйесін дамыту жөніндегі кешенді шаралар» жол картасын іске асыру аясында филиал биыл Батыс Қазақстан облысындағы Бітік, Дөңгелек, Киров және Сарышығанақ су қоймаларында да батиметриялық түсірілімдер жүргізді. Қазіргі кезде Киров су қоймасында топографиялық түсірілім жұмыстары аяқталуға жақын.
«Бұдан бөлек, биыл Есіл өзенінің 1800 шақырымында, Жайық өзенінің 1300 шақырымында және Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасында батиметриялық зерттеу жұмыстары орындалды. Ал келесі жылы «Су-метрология» филиалы Түркістан облысындағы он су қоймасында батиметриялық және топографиялық түсірілім жүргізуді жоспарлап отыр», – деді Су ресурстары және ирригация министрлігі Цифрландыру департаментінің директоры Мейіргүл Қуандықова.

05.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 369
«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 368

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20674
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20465
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35564
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34124
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37990