КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ

КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Көктемгі су тасқынының алдын алу шараларын жергілікті атқарушы орган қазірден бастап қолға алды. Бүгінде облыс орталығында су тасқынына қарсы дайындық шаралары басталды. Қазір қала аумағында су арналары мен суағарларды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Видеоплеер
 
 
00:00
 
02:02
 
 

Жамбыл облысында көктемгі су тасқынына жыл сайын ерекше дайындық жүргізіледі. Әсіресе су қоймаларының еріген суды қаншалықты қабылдай алуы аса маңызды.

Көктем келісімен малы көкке шығып, көсегесі көгере бастаған халықтың көңілінде бір қауіп қатар жүреді – ауыл-аймақтың айналасын су басып, ол тасқын су кейде адамның әлі малы мен жанына қауіп төндіреді.

Осы орайда бүгін Т.Рысқұлов ауданының көктемгі су тасқынына дайындығы зерделенді. Дайындық жұмыстары барысында  Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек жауапты мамандарға маңызды мәселеге бей-жай қарамауды ескертті.
 
– Жауапты бөлімдер, аудан, ауыл әкімдері төтенше жағдай саласымен  бірлесіп, қауіпсіздік шараларын үнемі пысықтап отырсын. Өзен-көлдер мен су нысандарының жай-күйі тұрақты бақылауға алынуы тиіс. Тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау – басты міндет. Су тасқынына қарсы жоспардағы іс-шаралар толық орындалуы тиіс, – деді жұмыс барысын көзбен көріп, зерделеген облыс әкімінің орынбасары.

Су кіру қаупі бар аймақтарда 20,3 шақырым дренаждар қазылып, арықтар тазаланған. 22 көпірді жөндеуге 100,0 млн. теңге қарастырылған. Елді мекендерде 16 электросиреналар, яғни, құлақтандыру жүйелері жұмыс істеп тұр. Колледждің базасында 208 адамға арналған эвакуация пункті бар.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары ауладағы қарды тазалауды, су өткізу құрылыстары мен арықтарды жеке аумақтағы қар мен қоқыстардан тазартуды қамтамасыз етуге шақырды.

Бүгінгі таңда барлық өңірлерде елді мекендер бойынша рейдтер, халықпен жиындар өткізіліп, су тасқыны кезеңіндегі іс-қимыл қағидалары бар жадынамалар таратылуда. Су тасқындары кезінде елді мекендегі тұрғындарды құлақтандыру және ақпараттандыруды жұмыстарын ұйымдастыру үшін барлы қолжетімді әдістер қолданылуда.

15.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1037
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7085
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10935
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7152
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7296