Құрметті Төлеу Ағыбайұлы!
Қымбатты Рая Тілеукенқызы!
Сіздерді шаңырақ көтергендеріңізге 60 жыл толуымен, яғни гауһар тойларыңызбен құттықтаймыз. Киелі Семей өңірінде туып-өсіп, мектептен білім, ата-анадан тағылымды тәрбие алып, қияға қанат қаққан едіңіздер. Қалаған оқу орнына түсіп, білікті маман атанып, еңбек майданына үлкен құлшыныспен кірістіңіздер. Атап айтқанда, Төлеу Ағыбайұлы, ауыл шаруашылығын өркендету жолында қажырлы қызмет жасап, зор құрметке ие болдыңыз. Ал, Рая Тілеукенқызы, Сіз үлгілі де беделді ұстаз атанып, дарынды шәкірттер тәрбиелеп шығардыңыз. Бүгінде зейнет демалысында, еселі еңбектің жемісін көріп отырсыздар.
1965 жылы екеуіңіз құрған ақ отау киелі шаңыраққа айналды. Ұлағатты ұлдарды, инабатты қыздарды дүниеге әкеліп, бәрінің де жоғары білім алып, өмірде өз орындарын табуына барлық жағдайды жасадыңыздар. Балаларыңыз бүгінде сенімді ақтап, биік белестерді бағындырып, елге сыйлы, халыққа қадірлі болып, еңбек етуде. Өнегелі ұрпақ жалғасын табуда. Білімді де ақылды немерелеріңіз өсіп келеді. Олардың ізін басып өмірге келіп жатқан шөберелер де ата жолын жалғастырып, күні ертең-ақ сіздерді жетістіктерімен қуантады деп сенеміз.
Балаларыңыз бен немерелеріңіз еңбекте озат болып, тәуелсіз Қазақстанның жарқын келешегі үшін қызмет жасайтын абыройлы азаматтар болып қалыптасуына тілектеспіз. Алдағы уақытта ұрпақ қызығын көріп, ағайын-туыстың ортасында құрмет пен қошеметке бөлене беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және әулетіңізге амандық пен құт-береке тілейміз.
Ізгі тілекпен,
Алатау аудандық ардагерлер кеңесі,
Алматы қаласы