Рухани құндылығымыз – басты байлығымыз

Рухани құндылығымыз – басты байлығымыз

 

   Қазақ халқын ұлт ретінде сақтап тұрған ең қымбат қазына ол -  біздің рухани құндылықтарымыз десе де болады. Біздің ата-бабамыз ұрпағына өмірлік өнеге болатын асыл құндылықтарды қалдырып кетті. Олар  ғасырлар бойы тек қана мал бағып, жерін қорғаған жоқ, болашақ ұрпаққа мол мұра тастады. Біз  сол құндылықтарды  бүгінгі күнге  дейін пайдаланып келеміз, ол әлі де болашақта өз қасиетін жоймайды деп білеміз. Қазақ халқы әлемге  ең мықты, рухани бай  халық ретінде танылып отыр. Қазақты әлем халқына танытып тұрған ол – ұлттық қолөнер мен ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, ұлттық ойындарымыз бен салт-дәстүр, әдет-ғұрып пен мәдени мұраларымыз, тіліміз сияқты ұлттық құндылықтарымыз.

 Отбасы – руханияттың басы. Қазақта «Отан – отбасынан басталады» деген нақыл бар. Біз үшін отбасыдан  қасиетті нәрсе жоқ. Сондықтан  «Қарты бар үйдің қазынасы бар» деп үлкендерді сыйлап, құрметтейміз.

 Тіл – ұлтымыздың жүрегі. Ана тіліміз - қазақ халқының ең басты ұлттық құндылығы. Қазақ тілі әлемдегі ең ғажап тіл десек артық айтқандық болмас. Ананың сүті, атаның қанымен бойымызға дарыған, бізбен бірге ғасырлар бойы жасасып келе жатқан қазақ тілі әлемдегі ең ғажап тіл. Ол ата-бабамыздан бізге мирас болып келе жатқан баға жетпес байлығымыз. Түркі тілдерінің ішіндегі сөздік қоры ең бай  және әлемдегі ең таза тілдер қатарында ана тіліміз тұр. Қазақ халқы үшін тіл – тек қарым-қатынас құралы емес, ол – рухтың айнасы болып табылады. Тіл – ұлтымыздың жүрегі, сондықтан да  оны сақтау – әрбір жанның парызы. «Өнер алды – қызыл тіл» деген сөз ел арасында бекер айтылмаған. Шешендік сөздер, мақал-мәтел, жыр-дастан  арқылы халқымыз ұрпаққа арман-мақсатын, үлгі-өнегесін жеткізген.

Қазақтың  салт-дәстүрі – бұл ел мен елді жақындастырады. Жас ұрпаққа шілдехана, тұсаукесер, беташар секілді рәсімдер  үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор болуды үйретеді.

 Дін мен имандылық-егіз. Қазақ руханиятында ислам дінін жоғары қояды. Ол халықты сабырға, имандылыққа шақырып, мейірімге, әділдікке үйретеді. Ата-бабамызды ұмытпай, аруақты сыйлау, құрметтей  сияқты көне дәстүрлерді де ұмытпаған.

Ән мен күй – қазақтың жаны.  Халықтың қуанышы мен мұңы, елдің тарихы ән мен күйде жатыр. Жүректегі мұң мен сыр қазақтың қара домбырасында жырланады. Рухани дүниеміздің биік шыңы - жыраулар поэзиясы, айтыс өнері болып саналады.

Елдік пен ерлік. Жас ұрпақты  елдік пен ерлік дастаны  Отанын сүюге, жерін қорғауға тәрбиелеп, оларға рух береді. Халқымыздың нағыз рухани мектебі - батырлар жыры. Халқы  үшін қан кешкен Ұлы Отан соғысы батырлары мен Желтоқсан қаһармандарының ерлік істері жас ұрпаққа үлгі-өнеге.

   Міне осындай өз ұлттық құндылықтарымен қазақ халқы басқа  ұлттардан ерекшеленіп тұрады.  Сол үшін осы ата-дәстүрімізді құрметтеуді  үйретіп, болашақ ұрпақ ұлтжанды, отаншыл, патриот болып өсуі үшін  ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіміз қажет. Біздің халықтың міндеті  мына жаңа заманда сол құндылықтарды жоғалтпай, қайта жаңғырту болып табылады.  

                                                                                                                        

                                                                                                                                        

                                                                                                                                                              

 

 

Шаргүл Қасымханқызы
14.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29487
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29041
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46293
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41894
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46623