Салық төлеу – міндетің

Салық төлеу – міндетің

Елімізде 40-тан астам салық түрі бар. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасынан кейін былтыр салық міндеттемелері мен төлемдер біраз жеңілдеді. Салық төлеу – әр азаматтың міндеті. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің және Wildberries, Ozon сияқты ірі сауда алаңдары өкілдерінің қатысуымен «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында былтырғы жылдың желтоқсан айында дөңгелек үстел өткен болатын. Кездесу кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру және қолайлы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды құруға бағытталды, ол маркетплейстермен жұмыс істеу кезінде салық мәселелерін түсіндіру арқылы жүзеге асырылды. Іс-шара аясында арнайы салық режимдерін пайдаланатын және электрондық сауда алаңы арқылы электрондық сауданы жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылатын пилоттық жоба қаралды. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жобаның негізгі идеясы салықтық әкімшілендіруге клиентке бағытталған көзқарасты қалыптастыру екенін айтты. Сонымен қатар, салық жүктемесін барлық салық кезеңіне біркелкі бөлу арқылы кәсіпкердің қателіктерге жол бермеу және салық міндеттемелерін орындауды жеңілдету мүмкіндігі анықталды. Бұл пилоттық жоба Қазақстан Республикасында 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап жүзеге асырылғаны және 2024 жылдың 31 желтоқсанын қоса алғанда әрекет ететіні белгілі болған. 

Салық – мемлекет жеке және заңды тұлғалардан салатын және мемлекеттік бюджетке аударылатын міндетті ақшалай салым. Салықтар өміріміздің барлық саласында  – шаруашылықта, ел аумағын қорғау, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру мен қорғау, сондай-ақ білім беруді, медицинаны, мәдениет пен басқа да салаларда  мемлекет алдына қойылған мақсаттарды іске асыру үшін пайдаланылады.

 

«Үздік салық төлеуші»  марапатымен кімдер марапатталды?

 

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қабырғасында әр жылдың қорытындысы бойынша «Үздік салық төлеуші» және «сыртқы экономикалық қызметтің үздік қатысушысы» марапатталады. Аталған марапат бизнесмендердің жауапкершілігі мен адалдығы қоғамның әл-ауқатына елеулі үлес қосатынын, сондай-ақ еңбек пен қаржылық жауапкершілік қоғамның дамуына ықпал етіп қана қоймай, басқаларға үлгі болуына жол ашпақ. Салық саясаты – мемлекеттің экономикалық саясатының бір бөлігі. Салық негізін, мөлшерлемесін, жеңілдіктерін және шегерімдерін өзгерту жолымен іске асырылады. Салық саясаты экономикаға мемлекеттің араласуы нәтижесінде мемлекеттік бюджетті қалыптастырады және жалпыұлттық өнімнің (ЖҰӨ) ауқымымен, экономиканың жеке секторларына салық шараларын қолдану дәрежесімен айқындалады. Мәселен, жеңілдіктер мен шегерімдердің болмашы көлемімен ұштастырылатын кең ауқымды салық негізі салық салудың біркелкі мөлшерде болуын қамтамасыз етіп, экономиканың жекеше секторына ресурстарды орналастыру үдерісіне мемлекеттің араласуы ауқымын төмендетеді. Салық жүйесінің өзгертілуі Салық кодексінде қарастырылған, ол, жалпы мемлекеттік мүдде мен жекеменшік мүдделерінің теңдестірілуін қамтамасыз ететін, кәсіпкерлікті дамытуға, инвестициялық қызметті жандандыруға, еліміздің ұлттық байлығын молайтуға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, салықтың санын азайтуға және жалпы салық ауыртпалығын азайтуға септігін тигізетін ұтымды салық жүйесін құру міндетін шешуге бағытталған. 

2024 жылдан алматылықтар жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырады. Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кеңсе мониторингі басқармасының бас маманы Қайрат Тұрымбетовтың айтуынша, Алматы қаласында 240 нысандағы декларацияны тапсыру мерзімі кірісті алғаннан кейінгі жылдан кешіктірілмеуі қажет. Сондай-ақ қала тұрғындары өздері тұратын аудандардағы бөлімшелерімізге өз өтініштерін айта алады. Сондай-ақ үйден шықпай-ақ «1414» телефон нөмірлеріне хабарласып, мәселеңізді шешуге мүмкіндік бар. Еске сала кетейік, кіріс 2023 жылы алынған болса, онда декларация 2024 жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей тапсырылады. Департаменттің мәліметінше, азаматтардың келесі санаттары жеке табыс салығы бойынша декларация тапсырады:

- жеке кәсіпкерлер;

- жеке практикамен айналысатын тұлғалар;

- мүліктік кіріс алған жеке тұлғалар;

- Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі көздерден табыс алған жеке тұлғалар және т.б. Жылдық табысқа жеке тұлғаның барлық кіріс түрлері кіреді. Мысалға, бұл қатарға тауарды сатудан, жұмысты орындаудан, өтеусіз алынған мүліктен, дивидендтер түріндегі табыстар, сыйақылар, ұтыстар, стипендиялар, мүліктік кірістер және т.б. жатады. Декларацияны тапсыру мерзімдерін бұзуға келетін болсақ, бірінші рет ескерту беріледі, қайталап бұзу 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соқтырады.  Егер сіздің атыңызда Қазақстан Республикасының аумағында көлік құралы тіркелген болса, сіз оның салығын бюджетке тұрғылықты жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеуге міндеттісіз.

 

Көлік салығында кімдерге жеңілдік жасалады?

 

Төлеуге жататын салық сомасын: «Жеке тұлғалардың алдағы салық төлемдерін қарау және төлеу» сервисінен, Мемлекеттік кірістер комитетінің порталынан; «E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасынан; «Қазпошта» АҚ кассалары; тұрғылықты жері бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасынан; екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы білуге болады. Көлік салығының бюджеттік жіктемесінің коды (БЖК)  – 104402.  Алматы қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар; Кеңес Одағының батырлары мен Социалистiк Еңбек ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелі Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар; «Батыр ана» атағына ие болған немесе «Алтын алқа» не «Күмiс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналар; мүгедектігі бар адамдар салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралынан (двигателінің көлемі 4 000 текше сантиметрден асатын, оған қатысты уәкілетті мемлекеттік органда тіркеу 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін жүргізілген жеңіл автомобильден басқа).

Егер Қазақстан Республикасының аумағында Сізде тұрғынжайлар, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, орынтұрақ орындары, құрылысжайлар, үй-жайлар және өзге де құрылыстар тиесілі болса, онда Сіз ол үшін салық төлеуге міндетті боласыз. Мүлік салығын мүліктің орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 қазанына дейін төлеу қажет. Яғни, мысалы, 2023 жылға салынатын салықты 2024 жылдың 1 қазанына дейін төлеу керек. Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін құқықтары тіркелген жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзімін ескере отырып, салықтық базаға тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізеді. Салық органы салық органы есептеген салықтар сомасы туралы хабарламаны салық төлеушіге – есептеу күнінен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрілмей жіберіледі, онда салық сомасы, БСК және басқа да деректемелер көрсетіледі.

 

Құқық бұзушы қалай жазаланады?

 

Сонымен қатар, төлеуге жататын салық сомасын: «Жеке тұлғалардың алдағы салық төлемдерін қарау және төлеу» сервисі арқылы, мемлекеттік кірістер комитетінің порталында; «E-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасында; салық салынатын объектінің орналасқан жері бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында; екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы білуге болады; электрондық үкімет порталы; «Қазпошта» АҚ кассалары; төлем терминалдары арқылы да жүргізуге болады. Сонымен қатар, есептелген салық органдары салықтардың сомасы туралы хабарламаларды электрондық тәсілмен – салық төлеушінің кабинетіне, Egov порталына, қағаз жеткізгіште – пошта арқылы тапсырыс хатпен, сондай-ақ коммуналдық қызметтердің БЕО түбіртектермен-хабарламаларымен жібереді, АЛСЕКО және басқа да. Сондай-ақ, Мемлекеттік кірістер органдары берешекті өтеу қажеттілігі туралы бірыңғай есеп айырысу орталығының (БЕО) шоттары арқылы, SMS-тарату арқылы не «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы есептелген мүлік салығы сомалары туралы хабардар етеді. Белгіленген тәртіппен Заңмен бекітілген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу әрбір азаматтың міндеті мен борышы. Салық заңдарын бұзушыға Салық кодексінде белгіленген тәртіпке сәйкес айыппұл мен өсімпұл төлеу бойынша  және де Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Салық кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қылмыстық жауапкершілік салық төлеуден бас тартқан  немесе басқа да міндеттелген төлемдерді бюджетке ұйымдастырмау  міндеттелген декларацияда салық төлемдері көрсетілмеген немесе көрсетілген декларацияда кіріс пен шығысты жасыру мақсатында өтірік көрсетілсе, деректердің салық төлеушінің немесе салық есептілігі нысандарында көрсетілген деректерге сәйкес келмеуі анықталған кезде, салықты жасыру мақсатында жасалған іс-әрекет болса,  үлкен көлемде салық төлемі салынады. Міндеттелген төлемдер төленбеген жағдайда және АЖК 2000- нан асқан болса, онда ол үлкен көлемдегі сома болып есептеледі. Егер салық заңын бұзушылық қылмыстық жауапкершілікке тартылмаса, қаржы-құқықтық немесе негізі әкімшілік құқықбұзушылық  тудыратын әкімшілік жауапкершілік (теріс қылық), немесе салық құқықбұзушылығы, яғни құқыққа қайшы әрекеттер (қасақана немесе байқаусызда), әрекеті (әрекет немесе әрекетсіздік) қастандықпен  мемлекетке өз тәртібін орнату  мақсатында болса, төлем және өндіріп төлеу болып табылатын  әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қаржы-құқықтық жауапкершілік құқық заңымен белгіленеді,  құқық бұзушылық жоспарлау негізінде қалыптасады,  құрамы салық заңдарында анықталған. Жазалау шарасы арнайы қаржылық санкция-салық айыппұлы және өсімақы арқылы талап етіледі. Салық төлемдерін төлемеген жағдайда айыппұл салынады, айыппұлдың көлемі және уақытылы орындалмауы басқа  тәртіптерді қолданылуын қамтамасыз етпейді. Салық міндеттемесі және мәжбүрлеп өндіру шарасы, сондай-ақ басқа  да шаралар Қазақстан Республикасының салықтық заңдарын бұзған жағдайда банкілік операция және борышкердің кассалық шоттарына, салық төлеушінің мүліктеріне иелік ету шектеледі. Салық қарыздары  жоғарыда жазылған тәртіппен уақытылы өтелмеген  жағдайда салық міндеттемелерін салық органдары мәжбүрлеп өндіру борышкердің банк шотына (салық агенті), жиналған салықтық қарыздары көлемінде қарыз төлеушіге қарыздар үшінші адамның банк шотындағы ақша өндіріледі, оның келісімінсіз айналымды өндіруге  қаулы шығаруға  салық төлеушінің мүліктеріне иелік ету шектеледі (салық агенті), салық төлеуші төлемеген жағдайда (салық агентіне ), Салық кодексінде қаралған осы тәртіптер мен шаралар орындалмаған жағдайда  салық органы Қазақстан Республикасының заңында қарастырылған банкрот деп жариялауға құқылы.

ГАУҺАР ТҰРСЫНҚОЖА
28.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1041
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7091
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10942
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7157
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7300