Үшжақты хаттамаға қол қойдық

Үшжақты хаттамаға қол қойдық
Душанбеге жасаған жұмыс сапарым барысында Тәжікстан мен Өзбекстанның су шаруашылығы ведомстволары басшыларымен кездестім. Кездесуде әріптестерімізбен 2026 жылдың маусым-тамыз айларына арналған «Бахри-Точик» су қоймасының жұмыс режимін келістік.
Үшжақты хаттамаға қол қойдық. Бекітілген жұмыс режиміне сәйкес, жаз мезгілінде Түркістан облысының Мақтаарал мен Жетісай аудандары диқандарын сумен қамтамасыз ету үшін «Бахри-Точик» су қоймасынан су жіберіледі.
Оңтүстік өңірлерді суармалы сумен қамтамасыз ету мәселесі министрлігіміздің ерекше бақылауында. Қол жеткізілген келісімдер – Орталық Азия елдері арасындағы сындарлы өзара іс-қимыл мен өзара қолдаудың нәтижесі. Қабылданған шаралар вегетация кезеңінің тұрақты өтуін қамтамасыз етіп, отандық диқандарға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
26.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25369
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24869
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42291
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38142
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42639