Экономикалық қуатымызды күшейту үшін шынайылық қажет

Экономикалық қуатымызды  күшейту үшін шынайылық қажет

Бұл жұмыстың мақсаты – ғылыми-өндіріс пен саясаттың тығыз байланысын көрсету арқылы елдің экономикалық құдіретін сақтап қалу. Сондықтан бізге геофизиканың электробарлау саласындағы осындай диверсиялық әдістерді практикалық және теориялық тұрғыдан әшкерелеуге ондаған жылдар қажет болды. Алынған нәтижелер жаңадан ұсынылатын ғылыми-өндірістік әдістерді сараптауда шешуші мәнге ие болады.

Бұл мақалада авторлары С.Байдуллаев; А.С.Байдуллаев; С.С.Байдуллаев, атауы «Жерді магнитотеллур әдісімен зерттеуді талдау. Ғылым және саясат» атты  кітап жайлы әңгіме болады. Кітапты Өзбекстан Ғылымдар Академиясының фундаментал кітапханасында және «А.Навоий» Мемлекеттік кітапханасынан оқуға болады. Кітапқа пікір жазғандар: 1. Өзбекстан Республикасының «Өзбекгеофизика» Өндірістік геофизикалық бірлестігін 1979 жылы ашқан, оны 35 жыл үздіксіз басқарған, көптеген КСРО мемлекеттік (Ленин сыйлығының да) және дара сыйлықтардың иегері, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Бабажанов Тасболат Лепесович. 2. Өзбекстан Республикасының Ғылымдар академиясы Ядро физикасы институтының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Иззатилло Нуритдинов.

Кітап ғылымда ешқашан жариялы түрде көтерілмеген саяси мәселеге арналған. Онда бұрынғы Кеңес Одағы кезінде атақты ғалымдар жасаған және жердің ішкі құрылымын зерттеуге арналған кейбір геофизикалық әдістер тобының диверсиялық екені дәлелденген.

 

МТЗ әдісі деген не, ол қалай дамыды?

 

Ұзақ мерзімді, үздіксіз, кезеңдері бірінші минуттардан басталып 1 тәулікке дейінгі, тұрақталған және гармоникалық электромагниттік толқындардың (ЭМТ) табиғатта жоқтығы астрономия және инженерлік физика ғылымдарында белгілі факт. Табиғатта кездейсоқ, тұрақсыз, ғарыштық және қысқа мерзімді гармоникалық толқындар кездеседі. Электромагниттік өріс (ЭМӨ) толқындары бойлық емес, көлденең толқындардан құралғандығы ғылымға белгілі. Мұндай ЭМТ, таралуына қолайлы жағдайлар болғанда ғана  хабар тасымалдайтын толқындар болуы мүмкін. Олардың энергиясының негізгі бөлігі жолындағы өткізгіш орта (біздің жағдайда – жер) бетінде сөніп бітеді. Сондықтан да, ЭМТ-дың механикалық толқындардан айырмашылығы – олар жердің ішкі жағдайында (өткізгіш ортада) өз таралу бағыттары бойынша күш параметрлерін тасымалдайтын толқындар бола алмайтындығында. Бұл мәселені терең зерттеуді тоқтатуға тек осы дәлелдің өзі де жеткілікті болатын еді. Дегенмен, біз кітапта мәселенің әр кезеңін әртүрлі жағдайларда жан-жақты талдадық.

Кітапта жерді электрлік барлаудың магнитотеллурлық зондтау (МТЗ) әдісіне жан-жақты теориялық және практикалық талдаулар берілген. МТЗ әдісінің теориясы ионосферада пайда болатын ЭМӨ өнімдерін (вариациялар мен тербелістер) жазық, гармоникалық және стационарлық ЭМТ-дар ретінде геологияда «қолдану» үшін жасалған. Шын мәнінде, бұл ионосфералық өнімдер, теория авторлары айтқандай идеалды толқындар емес, тек вариациялар (толқымалар, ауытқулар). Біздер вариациялар түгіл, ғарыштан келетін немесе қолдан жасалатын кез келген идеал толқындарды (!) қолданғанның өзінде де, алға қойған мақсатқа жету мүмкін еместігін дәлелдедік.

МТЗ теориясы геология ғылымы мен өндірісінде табиғатта жоқ ЭМТ жердің ондаған, тіпті жүздеген километр тереңдігіне де еніп, осы тереңдіктерден геологиялық мәліметтер алып шығады деп «дәлелдейді». Мамандығы математик, 2 рет Социалистік Еңбек Ері атанған академик А.Н.Тихонов осы теорияны 1950 жылы жасап, өндіріске енгізген болатын. Қоғамның жалпылама мойындауына қол жеткізу мақсатында, ол өз серіктестерімен бірге бұл әдістерді төмендегі салаларға жоспарлы түрде енгізген: геофизикалық жұмыстардың өндірісіне; жоғары оқу орындары мен техникумдарға арналған электробарлау оқулықтарына, түрлі салалық Кеңестік Одақ энциклопедияларына, анықтамалықтарға, сөздіктерге және «Одақтың Үлкен Энциклопедиясы на» да. Шындығында, МТЗ әдісін жарнамалау іс-әрекеттері – КСРО ғылымының жетістігін емес, әдісті жасаушы ғалымдардың нәтижелі қопарушылық іс-әрекеттері туралы мәліметтерді тарихта қалдыру және біздің қоғамның (бірінші кезекте, ғалымдардың) үстінен мазақтап күлу үшін ендірілген болатын.

Сонымен қатар, теория мен әдіс жаратқан ғалымдар сол кезде өздері ұсынған МТ-әдістері бойынша далалық жұмыстар жүргізу үшін, кадрлық мәселелерді, оның ішінде ғылыми кадрлар мәселесін де шешкен. МТЗ теориясының негізінде, осы әдістер бойынша, КСРО мемлекеті ыдыраған кезде, он шақты академиктер, елу шақты ғылым докторлары, бірнеше жүздеген ғылым кандидаттары болды. Сол кездерде, керек десеңіз, олар тарапынан ең нашар білімді ғылыми дәрежеге талапкер аспиранттар мен докторанттардың диссертацияларын өздерінің қасында қорғату да жолға қойылған болатын.

1980-90 жылдарда МТЗ-нің қол жеткізген мәртебелерін нықтау мақсатында, өздерінің екі жылда бір рет ұйымдастыратын форумдарына ғылымның басқа да сабақтас салаларынан белгілі ғалымдар шақырылатын. Оған дәлел ретінде – КСРО ҒА-ның Вице-Президенті, Социалистік Еңбек Ері атағының да иегері болған, ядролық физика бойынша академик Е.П.Велиховтың 1984 жылы Мәскеу маңындағы Звенигородта ұйымдастырылған мектеп-семинарға шақырылуы және тағы басқа шараларды айтуға болады. Алайда, Е.П.Велихов сол жерде семинар қатысушыларының алдында көрінуді қаламай, сол жерден бірден кеткен. Бұған не себеп болады? Демек, оның (Е.П.Велихов) осы әдістер тобы туралы барлық шынайы ақпараттарға ие екендігі және оны жасаушылардың істері мен түпкі мақсаттарынан да хабары болғандығы белгілі болады. Сол кездерде, геологиядағы тектоника саласының арандатушы ғалымдары тарапынан, актуал емес ойларды алға қойып, «планетамыздағы ең биік Памир тауларында, жер қойнауының қалыңдығын өлшеп-нақтылау қажет» деген «өтірік олжалы» айлакер ұсыныстар ұрандатылған. «Осы мәселелерді шешу мақсатында», академик Е.П.Велихов, МТЗ әдісі үшін, жасанды ЭМӨ-нің көзі ретінде, МГД-генераторын (магнитогидродинамикалық генератор) ұсынуға келген болатын. МГД-генераторы төңірекке ЭМТ емес, электромагниттік жекеленген импульстар таратады. Өткен ғасырдың 80-жылдарының екінші жартысында МГД-генераторын Памирде қолдану үшін Өзбекстан Ғылымдар Академиясына да КСРО орталығынан қаржы бөлінетін болып, осы жайлы Геология және Геофизика Институтында ғылыми кеңестің кеңейтілген жиналыстары бірнеше рет өткізілген. 1991 жылы орталықтан қаржыландыру жойылған. Сонымен, бұл жоба да жойылған.

Осы МТЗ әдісі бойынша геологиялық өндірістік жұмыстар басталған сол 1950 жылдары, ғылыми-өндірістік жұмыстарды жүргізудің практикалық әдістерін, қолданылатын құрал-жабдықтарын, оны қолдану үшін еңбек қаражаттары мен материалдық шығындарды есептеудің нормативтік құжаттарын (СУСН) сол Кеңес ғалымдарының өздері әзірлеген. Бүкіл Орталық Азияда, 1950 жылдардан бүгінгі күнге дейін бұл әдісті зерттейтін бірде-бір теорияшыл ғалым болмаған. Ал, КСРО орталығында бар ғалымдардың бір бөлігі – елдегі саяси-экономикалық тізімге қарсы адамдар болған. Сондықтан да осы МТЗ-ның теориясын жасаған ғалымдар онымен байланысты жұмыстарды алғаш рет Өзбекстанда өндіріске енгізуді жоспарлаған. Мұнан елдің айтылған осы жағдайын КСРО мемлекеттік жүйесінің жаулары өз мақсаттарына ұтымды пайдаланғаны көрініп тұр. Кейінірек, 1980 жылдардың соңына қарай, Орталық Азияда «геологиялық мәселелерді шешу үшін», МТЗ-ны практикалық қолдану шаблоны бойынша, он шақты, тек ғалым атағы ғана бар адамдар пайда болды. МТЗ теориясы мен оның құрылысының дұрыстығына күмән тудыратын біздің ойларымыздың пайда болуы және одан әрі дамуының барысы – 1982 жылдан бері ғылыми жұртшылыққа белгілі болатын. Бұл кітап әдіс теориясындағы өтіріктерді әшкерелеу мысалдарына толы. 

Ғарыштық ЭМӨ-терді тіркеуші қажетті құрылғылар әзірленген соң, «жер қойнауының үлкен тереңдіктерін зерттеуде пайдаланамыз» делінген, магнитотеллур әдістерінде (МТ-әдістер) қолданылатын, ұзын кезеңді (кезеңдері – минуттан тәулікке дейін және одан да көп) табиғи ЭМТ-дардың табиғатта мүлдем жоқтығы – өндірістік жұмыстар барысында белгілі болып қалған. Біз бұл туралы 1977 жылдан бастап Өзбекстандағы өндіріс бойынша жауапты тұлғаларды хабардар етіп келдік. Алайда, біздің осы хабарларымыздан бұрын және кейін де жетекші мамандар мен тиісті басшылардың ешқайсысы бұл туралы еш жерде және ешқашан айтқан емес. КСРО ыдырағаннан кейін ғана, біздің үздіксіз ескертулеріміздің арқасында, 2000 жылға дейін, Қазақстан, Өзбекстан мен Қырғызстан республикаларында МТ-әдістері бойынша өндірістік жұмыстар 10 жылға тоқтатылған. Осы кезеңнен кейін шетелдік компаниялар табиғи ЭМТ-ды тіркеуші жаңа заманауи цифрлық аппаратураларды әзірлеген. Алайда, электромагниттік толқымалардың табиғи көздері мен МТ-әдістерінің теориясы өзгеріссіз қалғандықтан, бұл техникалық жаңалықтардың барлығы істің мәнін өзгертпеген. Осыған қарамастан, МТЗ әдісі бойынша геологиялық өндірістік іздестіру жұмыстары бүгін де жалғасуда және оларды жүзеге асыру үшін соңғы 67 жылда халықтарымыздың орасан зор қаражаттары ысырап етілген, осы есептен Қазақстанда да. Осыған байланысты, мәселені талдау үшін, біз онда табиғи геомагниттік өрістердің белгілі ғарыштық құбылыстары туралы қысқаша мәліметтер бергенбіз. Осы өрістер МТ-әдістерінде, оның теориясының авторларының нұсқауларынша, «жер қойнауын барлау үшін, таусылмайтын тегін қуат көздері» ретінде қолданылуда. 

Біз ғарыштық электромагнит құбылыстарға тиісті барлық вариацияларды зерттедік. Бұл, негізінен, табиғи ғарыштық электромагниттік толқулардың қысқа мерзімді тербелістері, «атмосфералықтар», геомагниттік микропульсациялар, тәулік кезеңді геомагниттік Sq-вариациялары, магниттік «бөлшектер», кезең ұзындығы 11 жылдық және ғасырлық вариациялар, Форбуш эффектісі, геомагниттік субборандар, полярлық дауылдар, күннің ғарыштық сәулелері еді. Нәтижеде, бұлардың бірде-бірі гармоникалық тұрақталған үздіксіз толқындық үрдіс болмай шыққан. Аталған геомагниттік құбылыстардың әрқайсысы жер бетінде тіркелетін өрістердің ағымдағы вариацияларын лездік түрде қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосады. Бірақ, олардың ешқайсысын да басқарып болмайды, сондықтан да олар ЭМТ емес және олардан жер бетінде ЭМТ-ды күтуге де болмайды. Бұл – «ғарыштық тегін қуат көздерінен МТЗ-ға қажетті» деп жарияланған толқындар (!) табиғатта түбегейлі жоқ дегені. Ал, МТЗ әдісінің теориясы, тек толқындық үрдістер үшін жаратылған. Бұл тұжырымға біз бүкіл жер шары бойынша алынған нақты материалдар негізінде келдік. Оларда өрістің тәуліктік кезеңдері бар электрлік (Eх,у) құрамдастары да табиғатта мүлдем жоқтығы көрініп тұр. МТ-әдістерінің теориясы тек толқындық үрдістер үшін ғана жаратылған. Біздер мұндай шешімге өткен ғасырдың 80- жылдарының басында келгенбіз және әдісті жасаушы жетекші ғалымдарға айтқанбыз. Содан кейін оны Мәскеудегі кейбір МТЗ теорияшылдары талқылаусыз бірден мойындаған (академик Л.Л.Ваньян, 1986 ж). Кейінірек (1986 жылы) академик М.С.Жданов та өз кітабында кезең ұзындығы бір тәулік болатын Sq-вариациясы ЭМТ емес, тек Жердің, ғарыштағы вариация көзіне қатысты, өз өсінің төңірегінде айналуының нәтижесі екенін жазған. Нәтижеде, біз «табиғаты ЭМТ болмаған бұл толқымаларды практикалық тұрғыдан жер қойнауын барлау мақсатында пайдалану – халықты алдап, оның қаражатын босқа шашудан басқа әңгіме емес» деген тұжырымға келгенбіз. Біздің мақсаттарымыздың бірі осыны дәлелдеу болған. Sq-вариацияларын зерттеу кезінде, біз аналитикалық математика үшін, үзілісті синусоидалы кезеңдік функцияның бұрын белгісіз, қолданысқа енгізсе болатын, табиғи түрдегі формуласын да тапқанбыз. Бұл формуланың іргелі ғылымға жаңалық болып енуіне сенеміз. 

 

Шындыққа жету жолындағы күрес

 

Жоғарыда айтылған болжамдар мен есептердің дұрыстығына түпкілікті көз жеткізу үшін бізге көп жылдар қажет болды. Көптеген жылдардағы барлық далалық материалдарда біз ешқашан да ұзақ мерзімді ЭМТ-ды бірде-бір рет болса да кездестірмедік. Айтылғандарға мысал ретінде, төмендегі алқаптарда жүргізілген жұмыстардың материалдарын көріп шығуға болады. Олар: Орталық Қызылқұм, Ферғана алқабы, Құрама таулары, Ташкент төңірегі аудандары, Оңтүстік Қазақстан, Памир тауларында алынған далалық деректер, сондай-ақ, «Өзбекгеофизика» ӨГБ-дегі, ТашМУ-дегі, ҚазПТИ-дегі, КСРО ҒА-ның институты ИЗМИРАН-дағы, КСРО ҒА Орал бөлімшесінің Геофизика институтындағы әріптестерінен алынған, бұл әртүрлі географиялық кеңістіктер мен геологиялық провинцияларда жазылған материалдар еді. Сондай-ақ, аталмыш материалдарда, тек тәулік кезеңге ие ЭМТ-дар ғана емес, олардан едәуір қысқа кезеңді толқындар мен жер тоқтары – жер шарының барлық өңірлері үшін де жоқ екен. Біз осыдан «Табиғатта идеалды гармоникалық және жазық толқындар жоқ. ЭМТ үшін, жер қыртыстарындағы өткізгіш орта электромагниттік энергияны жұтушы болып табылады. Зерттелген, жоғарыда айтып өтілген, барлық нақты материалдар МТ-әдістерінің пайдасына жасалатын қандай да бір әрекетке дәлелді негіз бере алмайды. Тіпті, оларда когеренттілік (бір ізділік) те жоқ. Осыларға кері жағдай – келешекте де дәлелденуі мүмкін емес» деген қорытындыға келдік. МТ-әдістерінің теориясы – тек толқындық үрдістер үшін ғана жаратылған өтірік теория. Сонымен бірге біз барлық салаларда жасанды түрде жасалған ЭМТ-ды МТЗ мақсаттары үшін пайдалану мүмкіншіліктерін де зерттедік. Зерттеулер көрсеткендей, бұл толқындардың мүмкіндіктері оларды жұтатын жер қабаттарында шектеулі екен және олардың жерге енуі алғашқы метрлерден аспайды.

МТЗ теориясын құрастыру үшін оның авторлары «скин-құбылыс» дегенді пайдаланған. Бұл құбылыс, теорияда қолайлы жағдайларда, тұтас ортадағы ЭМТ үшін де, электр өткізгіштеріндегі айнымалы электр тоқтары үшін де бар болуы мүмкін. Ал, ЭМТ – тек көлденең толқын. Сондықтан да бұл құбылыс электродинамикада тек екінші жағдайда, яғни техникалық физикада қолданылуы мүмкін, жер қыртыстарын зерттеу үшін емес! 1960 жылдардың аяғы мен 1970 жылдардың басында осындай күмәнді ұсыныстардан шаршаған КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы А.Н.Косыгин бір Пленумда «геология министрлігі өздерінің ғылыми жоспарларымен бізді не өте байытып жібереді немесе экономикалық тығырыққа тірейді» деген болатын. Ескертетін тағы бір жағдай – геологияның сол кездегі жетекші ғалымдары КСРО жерінде Коладағыдай және 15 ұңғыма қаздыруды ойластырған болатын. Сол жоспарлардың бірі де осылар болған екен. 

 

Жаңа әдістерді арнаулы 

комиссия құру арқылы зерттеу табысқа жеткізеді

 

Біздің елімізде кез келген ғылым қоғам мен мемлекет қажеттілігі үшін жасалып, соған қызмет етуі қажет. Геофизика саласында бұл түсінікке керісінше жағдай ондағы қарсылас ғалымдар тарапынан саналы түрде жасалған сияқты. Бізде мұндай жағдай болмас үшін, мемлекет тарапынан қоғамды басқару жүйесі сенімді болуы және Ғылымдар Академиясының құрамында Арнайы Комиссия құрылу қажет. Сондықтан кез келген жаңадан ұсынылған әдістерді өндіріске енгізбес бұрын, осы Комиссиядағы салаға сәйкес келетін ғалымдар мен мамандардың ұжымына жан-жақты теориялық тексеру жүргізуге, тәжірибеде сынауға және олардың пайдалылығы расталғаннан кейін ғана оны өндіріске жіберу қажет. Мұндай Комиссиялардың міндеттері – іргелі ғылым мен тәжірибеде дәлелденбеген, жаңадан ұсынылған, осындай әдістердің өзін де, сондай-ақ оның құрамындағы түсініктерді де (заңдарды, түсініктерді, ұғымдарды және олардың категорияларын) өмірде орынсыз қолдануларына жол бермеу болуы керек.

Өткен ғасырдың 70-жылдарының соңында КСРО-дағы бұқаралық ақпарат құралдарында ішкі арандатушы ғалымдардың жариялаған мынадай ұсыныстары болған: «Тіпті ең тұтырықсыз «ғылыми ойларды» да жазып, жариялау керек. Біз кейінірек, көпшіліктің ортақ еңбегімен, оларды орталай түзетеміз. Осылайша, олардың дұрыс шешімдерін табамыз». Міне, осындай сөздерді айтқан ғалымдар – біз үшін нағыз халық жаулары! Сол кездерде елдерімізге жау ғалымдардың есіргені соншама, оларда біздің мамандарымызды менсінбеу және олардың ойларымен санаспау анық көрінді. Мысалға, бұл жағдай – МТЗ теоретиктерінің физиканың заңдары мен кейбір көріністерін (мысалға: скин-эффект, т.с.с) өрескел бұза қолданып, геофизикалық өтірік әдістер ойлап табуынан да көрініп тұрды. Біздіңше, олар өздерінің «әрбір сыбайластары, әрине, бірінші кезекте ғалымдары, осы күресте ғылымдағы өздерінің жақтастары болуы және жалпы біздің қоғамға қарсы өзінің білімін, қабілетін, талантын қару ретінде пайдалануы қажет» деп есептейді. Олар осыған негізінен қол жеткізген. Осының нәтижесінде, олардың үйірі қазір де бүкіл әлемді басқарып жүр.

Олар бұл деңгейге қалай жетті? Біздің ойымызша, елдегі КСРО-ның мұндай қарсыластары барлық дерлік ғылыми, өндірістік және шығармашылық салаларда ықпалды лауазымдарда, сондай-ақ, саясатта да жоғары басшылықта болды. Олар, сол заманның талаптарына сай, саяси және ғылыми атақ пен шендерді иеленген адамдар болған. Мысалға, МТЗ теориясын жасаушы академик А.Н.Тихонов «Социалистік Еңбек Ері» атағын 2 рет, мемлекеттік сыйлықтарды және көптеген ордень мен медалдар алған адам. Ол сол 1-ші «Социалистік Еңбек Ері» атағын Н.С.Хрущевтан (1953 жылы), ал, 2-шісін М.Горбачевтың қолынан (80 жасқа толу мерейтойына орай, 1986 жылы күзде) алды. Осыдан-ақ ел басқарған Н.С.Хрущев пен М.С.Горбачев те ел жауларының тірегі бола алатындай бірінші басшылар болған деген қорытынды шығаруға болатындай. Мысалға, Тихоновтар тиісті өтірік салалар жаратқан, ал, партия мен үкімет басындағы және геология саласындағы олардың өз адамдары, оларды өндіріске барынша енгізген. Әрине, ондайлар біреу немесе екеу болмаған. 

Қопарушы ғалымдардың «Жерасты және суасты радиобайланыстарын жарату жобалары» атты диверсиялық жобаларды КСРО-дай алып мемлекеттің құпия әскери ғылыми-зерттеулер жоспарларына ендіре алғандығы – жоғарыда айтылғандай, олардың мемлекеттің барлық буындары мен салаларын басқарып отырған өте мықты қолдаушылары әрқашан да болғанын дәлелдейді. Дәл осы үшін де біз алғаш рет теоретиктер ұсынған МТ әдістерінің жарамсыздығы туралы – интерпретация теориясын жасаушылардың негізгісі, академик Л.Л.Ваньян (әкесі бойынша аты-жөні – Леонид Львович Бронштейн) және Қазақстан КСР Ғылымдар Академиясының сол кездегі корреспондент-мүшесі (содан көп те өтпей ол академик те, министр де болған) М.М. Бакеновке 1986 жылдың көктемінде олармен жеке кездесуде айтқан болатынбыз. Сонда, Л.Л.Ваньян табиғатта тәулік мерзімді табиғи (ғарыштық) ЭМТ-дардың болмауын бірден мойындаған. Ол: «Кезеңі 1,5 сағаттан асатын табиғи электромагниттік толқындар шынымен де жоқ. Алайда, бұдан да қысқа дәуірлі толқындар MT әдістерінің мақсаты үшін жеткілікті. Бұл сияқты жағдайлар басқа жаратылыстану ғылымдарында да, мысалы – физика, астрономия,  математика, биология, химия, медицина және басқа да көптеген іргелі салаларда да толып жатыр. Сондықтан, осы үшін бұған тым көп те алаңдау қажет емес», – деп жауап берген болатын. Ол бізге, одан да, осы жұмыстардың орнына, өздері ойдан шығарған МТЗ бойынша 1 жылда кандидаттық және 1 жылдан соң докторлық диссертацияларымызды жылдамдатып жазып келуімізді және теорияшылар тарапынан тоқтаусыз және тұрақты қолдау көрсетулерін ұсынған. Біз мұндай ұсынысты қабылдамадық.

Кейінірек, 1980-жылдардың соңына қарай, біз КСРО Ғылымдар Академиясының академигі, математик, Жаһандық Геофизика Институтының директоры М.С.Ждановтың тобымен келіссөздер жүргіздік. Олардың өздері бізге байланысқа шығып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғарыштық бөлігінде қызметтестік ұсынған. М.С.Жданов және оның командасы – бізге түсіністікпен қараған және ашық түрде қолдаған Мәскеу академиктерінің ішіндегі жалғызы. Академик М.С.Жданов біздің ревизиялық ғылыми-тексеру ұсыныстарымызды ұйымдастыруға көмектесуге әрекеттер жасады. Олар біз ұсынған нұсқалар бойынша бастамаларды қолдау қажеттігі туралы түрлі инстанцияларға хаттар мен телетайптар жіберген. Оның командасында өте ойтапқыш тұлға ретінде, сол институттың ғылым бойынша директор орынбасары, физика және математика ғылымдарының докторы В.В.Спичак та өте белсенді болған.

Сол жылдары біз Өзбекстан Республикасы Ғылымдар Академиясының Президиумына хат жаздық және онда мәселені баяндадық. Академия басшылығы бұл хатты Өзбекстан Коммунистік Партиясының Орталық Комитетіне жолдаған. Сол кездерде республикалар Орталық Комитеттерінің саяси бөлімдерінде мұндай хаттарды зерделеу тапсырылған арнайы тағайындалған шенеуніктер болған. Өзбекстандағы сол жауапты адам осы хат негізінде бізді Өзбекстан Министрлер Кеңесіне шақырып, тыңдаған. Ақырында біз бұдан да ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмадық.

Біздің осы іс-әрекеттеріміздің нәтижесінде сол жылдары, жоғарыда ескертілгендей, Өзбекстанда, Қазақстанда және Қырғызстанда магнитотеллурлық жұмыстар тоқтатылған еді деп ойлаймыз. Ал, Тәжікстанда мұндай жұмыстар мүлде жүргізілмеген. Сондықтан, ол елде бұл салада мамандар да, ғылыми топтар да болмаған. Түркіменстанда МТ-теориясын жаратушылардың, яғни жоғарыда аталған Мәскеу ғалымдарының өкілі болған физика-математика ғылымдарының кандидаты В.В.Дубровский осындай жұмыстарды басқаратын. Сондықтан да Түркіменстанда мұндай жұмыстар тоқтатылған емес. 1970 жылдардың бірінде осы В.Г.Дубровскийдің «Дала геофизикасы» («Промысловая геофизика») журналында мақаласы жарияланған болатын. Онда ол «Түркпенстан мен Каспий жерлерінің астымен Әзербайжанға қарай созылып жатқан электр аномалиялы мұнай коллекторы болатын жер қыртысын МТЗ әдісімен таптым» деп жариялаған болатын. Бұл саналы түрде жасалған және өзі де мойындаған өтіріктер тізбесінің бір бөлігі екен. 1980 жылдардың ішінде ғылыми басылымда В.Г.Дубровский және оның әріптестері жариялаған Орталық Қызылқұмдағы «Оңтүстік Тянь-Шань электр өткізгіш аномалиясы» деген мақаласындағы хабарлары да осындай кезекті өтіріктерінің бірі еді. Бұл мақалада олар Орталық Қызылқұмда алтын кен-орындарымен байланысты болған жер асты қыртыстары туралы «хабар» жазған.

Елімізде орындалған және орындалудағы МТЗ жұмыстары бойынша мемлекеттік тапсырыстардың барлығын да қаржыландыру көздері жеке немесе шетелдік компаниялар емес, өз елдеріміздің бюджеттері. Геологиялық тапсырыстарды орындаған ұйымдар да мемлекеттік. Демек, олар өндірістік аппаратураларды да мемлекеттің қаражатына сатып алған. Жұмысты орындаған тарап әрқашан өз істерінің нәтижелерін мақтайды. Осыған куә болатын жалпыға қолжетімді құжаттар – орындаушылар жариялаған мақалалар және Есептер. Осыған байланысты, біз «жалпы электробарлау бойынша толығымен, сонымен қатар, оның ішінде МТ-әдістері бойынша да, тексеріп-тізгіндеуші іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізілуі қажет» деп ұсыныс жасаймыз.

 

Аппараттарды 

жер сілкінісін болжауға қолдануға болады

 

МТЗ әдісінің аппаратуралары. Қазіргі уақытта МТЗ-ның далалық материалдарын өңдеу үшін қолданылатын көптеген компьютерлік бағдарламалар бар. Бұл бағдарламалардың тіпті көптеген бөлігі өрісті жазып алу аспаптары мен жабдықтарының ішкі құрылымына енгізілген. Бұл – далалық материалдарды (шикізатты) енді алаяқ операторлардың қалауынша өзгерту мүмкін болды дегені, яғни ол маманға манипуляция үшін қажет болатын жасанды материалдар алу мүмкіндігін береді. Мұндай аспаптар операторды көбінесе далалардан келетін табиғи материалдарды көзбен көріп тұрып талдау мүмкіндігінен толығымен айырады. Далада жазып алынған бастапқы материалдарды сол жердің өзінде өзгертіп қайта жазып алынса, олар табиғи ЭМӨ-теріне сай келмейді және оларға ешқандай да сенім қалмайды.

Қазіргі уақытта Қазақстанда МТЗ үшін даладан материалдар жинайтын шетелдік аппаратураларды  әзірлеушілердің делдалдары өздерінің тауарлары мен қызметтерін сату, оларды қолдану және елімізде өздерінің жетекшілігімен енгізу мақсатында, сондай-ақ, сол фирмалар әзірлеген дала жұмыстарын жүргізу әдістемелерін, дала материалдарын өңдеу мен талдауға арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануды белсенді түрде насихаттап жүр. Сол станциялардың әрбірі 2015 жылдарда 60-65 мың АҚШ доллары болатын. Әрбір мекеме сондай станциялардан 10-20 данадан сатып алған. Бұл геологиялық тапсырыстарды орындаған ұйымдар көбінесе мемлекет меншігінде болады немесе олар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен құрал-жабдықтар сатып алады.

Сейсмологияда табиғи ЭМӨ-терді пайдалану мүмкіндіктері. Кітапта жердің ішін зерттеуге жарамдылығы жоққа шығарылған МТЗ әдісі және сол үшін арнайы жасалған, сондай-ақ, біздің мемлекеттеріміз сатып алып жинап қойған қымбат құрал-жабдықтарды басқа салада (сейсмологияда) – жер сілкіністерінің электромагниттік хабаршыларын табуда пайдалану ұсынылған. Осы мақсатта, осы құрылғылардың көмегімен, мұндай хабаршыларды табудың жаңа тәсілдері де кітапта көрсетілген. Бұл әдістер сейсмологияда өз орнын табады деп сенеміз.

Біз ұсынған жер сілкінісін болжау әдісі жоғары сейсмобелсенді өңірлерде жер астында сейсмомониторинг жүргізуді, оларда сейсмикалық өрістермен қатар, жердің меншікті электромагниттік хабаршыларын бөгде толқындардан айыру әдісін де ұсынады. Біз сейсмологиядағы электромагниттік хабаршыларды қысқа мерзімді хабаршылар түріне жатқызамыз. Осындай құбылысты біз Орталық Азияда алғаш рет 1985 жылдың күзінде, Орталық Қызылқұмда (Мұрынтау алтын кенінің төңірегінде) электромагниттік вариациялық станциясымен (МЭВС-5) жазып алғанбыз. Бұл туралы хабарды дер кезінде Ғылыми Академиядағы тиісті есептерде көрсеткенбіз. Осындай жағдайларда, бұл ЭМТ-ның ауытқулары жер сілкінісінің идеал түрдегі қысқа мерзімді (5-6 сағат алдыңғы) хабаршылары бола алатыны дау тудырмауы керек. Келешекте осындай әдіспен алынған материалдарды зерделеудің нәтижелерімен елді мекендер құрылыстарында алдын ала сейсмикалық микрорайондау жұмыстарын жүргізу де мүмкін болады.

 

КСРО-ны  ыдырату жоспарлары мен іс-әрекеттері – оның жаулары тарапынан осы мемлекет пайда болған уақыттан бастап, ешқашан да тоқтаған емес. Бұл жұмыстардың барлығы осы мемлекетті экономикалық сарқылту жөніндегі бағдарлама бағытында да жүргізілген. Сондықтан да, МТЗ теориясын жасаушылардың және өндіріске ендірушілердің мақсаты, о бастан-ақ, ғылыми тұрғыдан дәлелденген, өндіріс үшін қажетті әдістер жарату болған емес. Мұны біле тұра, МТЗ-ны біздің мемлекеттеріміздің өндірістерінде әлі де үздіксіз қолданулары және оны бүгін де жалғастырулары, халқымыздың қаржысын, мамандарын және олардың уақыттарын (жалпы айтқанда, күш-қуатын) босқа бағыттап-шашулары – біздің егеменді елдерімізге қарсы саналы түрде тікелей қастандық жасау болып табылады. 

 

Сейітбай БАЙДУЛЛАЕВ, 

Қазақстанның Құрметті азаматы, 

Өзбекстан Республикасы 

ҒА Геология және геофизика 

институтының бұрынғы 

ғылыми қызметкері 

 

11.07.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 15291
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 15191
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 30331
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28952
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 32516