Түркістанда оқушылар аяусыз соққыға жығылған

0
243

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаев аяусыз соққыға жығылған жеткіншектер бейнеленген видеоға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, 2019 жылдың 21-і қаңтарында әлеуметтік желіде төменгі сыныптың оқушыларын физикалық және моральдық тұрғыдан қорлаған бір топ жасөспірімдердің (болжам бойынша жоғары сыныптың оқушылары) видеосы тарады. ІІМ мәліметінше, бейнежазбадағы оқиға 18-і қаңтар күні Түркістанда болған. Сондай-ақ, балаларға әлімжеттік көрсеткендер де анықталған. Бұзақылық әрекетке қатысушылардың барлығы анықталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 293-бабы 2-і тармағында қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,— деп мәлімдеді. Ведомство зардап шеккен оқушыларды ескере отырып, Ішкі істер министрлігі болған оқиғаның мән-жайын жіті тексеретінін және профилактиалық шаралар жүргізу үшін өңірдің жергілікті атқарушы органдарына бастамашылық жасайтынын хабардар етті.

Жанат Әскербекқызы, ақын, филология ғылымдарының докторы:
— «Бұл қоғамды дүр сілкіндірді. Жастардың жақсы жағын көрсетуге тырысамыз. Ал қылмысты жасап жатқан кімдер? Осы жағына назар аудармаймыз. Әлеуметтік желіде жарияланған 9-сынып оқушыларының іс әрекеті туралы қоғамда үлкен мәселе көтеру керек. Қай ата-ана, қай мектеп тәрбиелеп шығарды ол балаларды? Неліктен мұндай халге жетті? Ертең түрмені толтыратын қылмыскер болып шықпасына кім кепіл?! Меніңше, осындай келеңсіздіктердің түп-тамырымен жойылуына жұмыс істеуіміз керек».

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.