“Балаларды вакцинациялау жауапкершілігі ата-аналарда” екен

0
211

Орталық коммуникациялар қызметінде “Вакцинамен бірге қорғанайық” тақырыбында өткен баспасөз конференциясында елімізде 24-30 сәуір аралығында иммундау апталығы өтетіні белгілі болды.

Қазіргідей адамзаттың жаһандық «аралас» жағдайында, яғни барыс-келіс көбейген шақта бір елден бір елге ауру түрлерінің жедел ауысу қаупі өршіп тұрғаны жасырын емес. Біздің елге де кез келген мемлекеттен полиомелит, қызылша, пандемиялық тұмау және басқа да инфекциялық аурулардың қоздырғыштарының келу қаупі жоғары. Сондықтан ауруға қарсы иммунитетті арттыру апталығының мақсаты — иммунитетті көтеруге сенімді көзқарас қалыптастыру, егу шараларымен толық қамту деңгейін арттыру болып табылады.
Статистика бойынша жыл сайын елімізде инфекциялық ауруларға қарсы шамамен 5 млн. адам, оның ішінде 1,3 бала егіледі екен. Нақты инфекцияларға қарсы вакцинациялаумен қамту 95-96%-ға жеткен. “Балаларды вакцинациялау жауапкершілігі ата-аналарда. Баласы ауырып, жаны қиналып жатқанда ата-ана вакцинациядан бас тарту туралы айтуға аузы бармай қалады, сондықтан бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.