Банктеріміздің несие портфелінің сапасы қандай?

0
189

Қазақстандық банктердің несие портфелінің сапасы сәл жақсарған. Өйткені соңғы екі жылда банк жүйесі проблемалық кредиттерден шамамен 35-40%-ға тазартылған. Бұл туралы жақында өткен Fitch Ratings-тің конференциясында айтылды. Бұл 35-40% сома түрінде алсақ 6 трлн. теңге. Fitch Ratings есебіне сүйенсек қазақстанда 3 сатылы кредиттер (құнсызданған кредиттер) және 2 сатылы кредиттер (кредиттік сапасының нашарлаған кредиттер) 2018 жылдың соңында тиісінше 20% және 9% құрады. Бұл көрсеткіштер ахуалдың дұрыстығын білдіреді. Әрине, бұл несие портфелі мүлдем жақсарып кетті деген сөз емес. Өйткені банк секторындағы жағдай біркелкі емес және бұл мүмкін әлі де белгілі бір қауіп-қатерлерге алып келуі мүмкін. Ал ары қарай банктердің проблемалық несие қоржыны тазалана бере ме, әлде тоқтай ма, ол экономикалық жағдайға, сыртқы ортаға және т. б. байланысты болады. Жыл басындағы #1CB Analytics зерттеулеріне сүйенсек Қазақстанның несие портфелі 23 трлн. теңгеден сәл асқан. Оның ішінде бөлшек кредит портфелі 6 трлн. теңге, бизнес кредиттердің жалпы көлемі — 17,2 трлн. теңге. Бірінші кредиттік бюро мәліметтеріне сүйенсек 2018 жылдың қорытындысы бойынша бөлшек кредиттер портфелі 800 млрд. теңгеге немесе 15% өсті. Жалпы 2018 жылы жалпы құны трлн теңгені құрайтын 7,2 млн. несие берілген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда саны жағынан 1,3 есе, сомасы жағынан 30% жоғары. Берілген несиелердің орташа көлемі 411 мың теңге. Бұл көлемнің 92% банктерге тиесілі. Бизнеске берілген кредит те өсуде. 2018 жылы 12,4 трлн. теңге кредит берілген. Мұндағы банктердің үлесі — 90,2%. Кепілсіз, тұтынушылық несие де өскен. Олардың үлесі жалпы 2018 жылдың несие портфеліндегі 54,1%. Құны 1,9 трлн. теңгелік 6,6 млн. несие берілген.
Мемлекеттік бағдарламалардың іске қосылуының нәтижесінде ипотеканың өткен жылы өскені, биыл да өсім көрсететіні анық. Былтыр 600 млрд. теңгені құрайтын 75 мың ипотека берілген. Автонесие 2017 жылмен салыстырғанда 20 мың несиеге артық. 2018 жылы 53,9 мың автонесие берілген. Мұның 75% банктерге тиеселі. Кретиттік карта нарығындағы несие портфелі 93,2 млрд. теңгеге ұлғайған. Ақпарат үшін айта кетейік, Қазақстанда 658 600 несие картасы қолданыста. Биыл бұл көрсеткіштер өсетіні анық. Оны жыл соңында білетін боламыз. Ал өткен жылдың көрсеткіштеріне көз салсақ жоғарыда айтқанымыздай несие портфеліндегі проблемалық кредиттер саны ақайған. Мысалы, бөлшек кредиттер бойынша мерзімі өтіп кеткен кредиттер 14,1%, бизнес кредиттер сегментінде 18%. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай төмен.
Биыл Ұлттық банк төрағасының ауысты. Д.Ақышевтің кезінде белсенді түрде банктердің несие портфелін белсенді сауықтыру жұмысы жүргізілген. Бұл белсенділік жалғаса ма, белгісіз. Ол жоғарыда айтқанымыздай экономикалық жағдай мен сыртқы, ішкі ахуалға байланысты.

Айдана Абихан
Қазақ Ұлттық аграрлық университеті қаржы мамандығының магистранты

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.