Велосипедші мен шаңғышыны ұшырған “сиқырлы оқулық”

0
401

«Қазақ тіліндегі оқулықтарда өрескел қателер өріп жүр. Бейнебір орыс мектебіндегі шәкірттерге арналғандай. Себебі тапсырмалардағы мысалдар да сол тілде». Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл осы жағдайды сынға алып Білім және ғылым министріне сауал жолдады. Депутаттың айтуынша «Алматы» баспасынан шыққан математика кітабында ұлттық валютаны теңге деп жазудың орнына «KZ», — деп келтірген. «Мектеп» баспасының 7-сыныбына арналған физика пәні оқулығында да олқылықтар жетіп артылады. Осы ретте депутат таңдаулы педагог мамандар, ұстаздар мен әдіскерлерден құралған білікті комиссия оқулықтарының өтпей қалып жататынына таңданыс білдірді. Ол бастауыш сыныптағы әдебиет пәні оқулығында тапсырма YouTube-тен берілгенін көріп, жаға ұстағанын жасырмады.
Депутат Бақытбек Смағұлға құлақ түрелік: «4-сыныптың әдеби кітабының кейбір тапсырмаларында «YouTube» деп көрсетіліп, оқушыларға мультфильм көруге тапсырма берілген. 20-шы бетте тұр. Оқушылар осы тапсырманы қарап отырып, басқа пайдасыз, зиянды, қажетсіз ақпараттар алуы мүмкін ғой. Оған өзіміз итермелеп отырмыз.
Сондай-ақ мәліметтер бойынша есеп құрастыр деген тапсырмада, шаңғышы мен велосипедшінің ұшу жылдамдығын анықтауды тапсырады. Ол кітап қолда тұр. Енді о заманда, бұ заман велосипедші мен шаңғышының ұшқанын көрген жоқпыз ғой», — дейді депутат күйініп.
«Айта-айта Алтайды, Жамал апай қартайды» дегеннің кебі басымызға келіп тұр. Білім және ғылым министрі Халықаралық газеттің жанайқайына құлақ аспаса да, Мәжілістің депутатының уәжімен санасар деген үміттеміз.

Нағашыбай Қабылбек

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.