Үлгілі ұстаз, өнегелі азамат

0
1830

Өмірінің ширек ғасырдан астамын ұстаздықпен жалғастырған, елімізде заңгер мамандарын жасақтауда бір кісідей ат салысқан, тәуелсіз еліміздің заң ғылымына өзіндік үлес қосқан,Ғазекең елеулі ел ағасының қырына шығыпты.

Ол 1969 жылы 29 мамырда бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданы, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Ұржар ауданының Қарақол елді мекенінде көп балалы отбасында дүниеге келген. 1976-1986 жылы Қарақол орта мектебін тәмәмдап, сол жылы еңбек жолын құрылысшы болып бастады. 1987 – 1989 жыл аралықтарында  әскери борышын Монғолия Халық Республикасында өтеді. Әскери борышын толық орындап келгеннен кейін:

1990 жылы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, 1995 жылы ойдағыдай аяқтады.1995 жылы Аягөз қаласында “Тамаша” фирмасында директордың орынбасары және заңгер қызметін атқарды.

1997 жылдан 2006 жылға дейін Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетінде “Азаматтық құқық және процессі” кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеді. Университет қабырғасында жұмыс істеу барысында университет аясындағы, факультет, кафедра аралық шараларда көптеген ғылыми, спорттық істерге белсене араласып, марапаттарға ие болды. Сонымен қатар, өзінің диссертациялық зерттеуін жүргізіп,2006 жылы кандидаттық диссертациясын “ҚР кеден саясатының конституциялық-құқықтық негіздері” тақырыбы бойынша ҚазҰУ-нің диссертациялық кеңесінде үнемді қорғап, «заң ғылымдарының кандидаты»  дәрежесін алды. 1998 – 2014 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультеті “Мемлекет және құқық теориясы” кафедрасында доцент қызметін атқарды.

2015 жылдан бастап Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің құқық кафедрасында қауымдастырылған профессоры қызметін атқарып келеді. Еңбек жолында  республикалық және шетелдік басылымдарда кедендік және мемлекеттік қызметтерге қатысты 70-ке жуық әртүрлі мақалалары жарық көрді.  Осы заң саласына қатысты 7 оқу құралы бар.

Білім саласындағы мемлекет тарапынан  ұйымдастырылатын Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге министрлік өкілі ретінде бірнеше рет қатысып, мемлекет тарапынан тапсырылған жұмысты ойдағыдай атқарды.

2013-жылы маусымның 8-жұлдызында Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің «АУҒАНСТАН АРДАГЕРЛЕРІ» республикалық қоғамдық бірлестігі кеңесінің шешімімен Отан қорғаудағы және жастарға патриоттық тәрбие беру жолдағы ерекше еңбегі үшін Кеңес Одағының батыры Генерал Сабыр Рақымов медалімен марапатталды.

Білім беру жүйесіндегі тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудегі жүктелген міндеттерді жоғары кәсіби деңгейде және белсенді атқарғаны үшін алғыс хатпен марапатталды. ҚР Білім және ғылым министрлігі. Астана, 2013.

Білім беру жүйесіндегі тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудегі жүктелген міндеттерді жоғары кісіби деңгейде және белсенді орындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. ҚР Білім және ғылым министрлігі. Астана, 2014.

Көрсеткен білікті де кәсіби шеберлігі үшін және жоғары жауапкершілігі үшін алғыс хатпен марапатталды. ҚР Білім және ғылым министрлігі. Астана, 2015.

Қазіргі таңда Тайғамитов Ғазиз Дүйсенқұлұлы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің «Құқық» кафедрасында қауымдастырылған профессоры қызметін атқарады. Жалпы еңбек жолы 33 жыл, оның ішінде білім саласында үздіксіз қызмет атқарғанына 29 жыл. Жүрген орта ұжымдарында абыройлы, қарапайым, өнегелі, мәдениетті ұстаз. Жақсы отағасы.

Өнегелі ұстаз, Ғазекең ұлтжанды, қазақ тілінің жанашыры үнемі өскелең ұрпақты тәрбиелеуде аяанбай еңбек етуде.Сол үшін де жүрген ортасы мен жастар арасында үлкен абырой мен беделге ие.

Отбасын құрған, 3 баланың әкесі. Жұбайы Мадыхан Сауле де оқытушылық-ағартушылық қызмет атқарады. Сауле Мадыханқызы да заңгер, Д.А Қонаев атындағы “Қылмыстық құқық және процесс” кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі.

Ұлы Дүйсенқұл Алтынбек те әке жолын қуған. 2015 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің заң факультетін аяқтады. Дәл сол жылы заң факультетінің магистратура бөліміне түсіп, 2017 жылы заң ғылымдарының магистрі дәрежесін алды. Қазір мамандығы бойынша заңгер қызметін атқарады. Қызы Дүйсенқұл Ақжан да  әке жолын басты. 2017 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Заң факультетін тәмәмдап, сол жылы «Мұрағаттану, құжаттану және құжатпен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша магистратура бөлімінің грантына түсіп, қазір 2-курс  магистранты. Ұлы Дүйсенқұл Төрежан 3-сынып оқушысы.

Үстіміздегі жылдың мамыр айының 29-да заңгер ғалым Ғазиз Дүйсенқұлұлы Тайғамитов ел ағасы 50-ге толады. Оны осы мерей тойымен шын жүректен құтықтап, деніне саулық, отбасылық бақыт, творчествалық табыс тілейміз.

«Құқық» кафедрасының оқытушылары:

з.ғ.д.профессор Шарипов Ш.М.

аға оқытушы Төленді. М.А.

аға оқытушы Нурбаева Л.Б.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.