Тәуелсіз еліміздің өр ұланы

0
324

Қ­азақ Ұлттық Аграрлық  университеті «Қ­ұқықтану» мамандығының 3-ші  курс студенті Қаршал Абзал Нұрланұлы таэквандодан бірнеше дүркін әлем біріншілігінің сонымен қатар халықаралық турнирлердің чемпионы. 20жасар Абзал Нұрланұлы осы уақытқа дейін өзін спортта да,білімде де өзінің белсенділігін көрсетіп келеді.Университет қабырғасына келгелі көптеген жетістіктерге жеріп, таэквандодан қара белбеуді иеленіп үздік спортшы атанған. Азия чемпионатында, Қазақстан Республикасының чемпионатында, ересектер  мен жасөспірімдер арасында көптеген жетістіктерге жетіп университетіміздің мақтанышы болып жүрген спорт шеберіміз.АбзалНұрланұлы бұдан да басқа бірнеше мемлекеттерді аралап өте үлкен жетістіктерге жетіп көзге түскен спортшы. Яғни ол:

 

  • Korea Open – I орын
  • Spanish Open – III орын
  • Turkish Open – I орын
  • German Open – III орын
  • Роlish Open – I орын
  • Russian Open – I орын
  • Abu-Dhabi Open – III орын

иеленіп қара белбеуші спорт шебері атанған университетіміздің мақтанышы.Осы жылы Астана қаласында өткен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында, 68кг салмақ дәрежесінде III иеленді. Сонымен қатар Алматы қаласында өткен « Almaty open » « Bars Cup» атты халықаралық турниріне қатысып II орынды қоржынға салды.Көптеген халықаралық әлемдік додалардан бас жүлделермен оралған спортшыға ,бұл жетістіктерін үлкен істін басты ғана деп отыр. Абзал Нұрланұлының алдағы үлкен арманы ол олимпиада ойындарының чемпионы болу.Сонымен қатар осы «Құқықтану» кафедрасының меңгерушісі Бақытжан Қуандықов ағайға алғысымызды білдіреміз, өйткені ол кісі жастарды жақсылыққа тәрбиелеп тек қана жастарға заң сала жағынан ғана емес жан – жақты көрінуге мүмкіндік жасайды. Және де осы Қ­азақ Ұлттық Аграрлық  университетіміздің ректоры Есполов Тлектес ағайымызға улкен алғысымызды білдіреміз. Себебі спорт саласына ерекшекөңіл бөліп, әрқашан қолдау көрсетіп отырады.

«Құқық» кафедрасының оқытушылары

Байзакова Р.Б., Укибаева К.Е., Бекбергенова А.К.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.