Нұрсұлтан: 13-кездесу және 13 тарихи шара

0
1838

Астана процесі шеңберіндегі Сирия бойынша кезекті 13-і халықаралық кездесуінің қорытындысында жа-салған мәлімдемеден кейін Иран Ислам Республикасы, Ресей Федерациясы және Түркия Республикасы Астана форматындағы кепіл мемлекеттер ретінде белгілі болды. 13 пунктен тұратын бұл құжатты ҚР сыртқы істер вице-министрі Роман Васильенко оқыды.

Онда:
1.Сирия Араб Республикасының егемендігіне, тәуелсіздігіне, территориялық дербестігіне, сонымен қатар БҰҰ жарғысының мақсаты мен принциптеріне өзінің бұлжымайтын көзқарасын растады.
2.Осыған байланысты жалпыға бірдей қабылданған халықаралық құқықтық шешімдерге құрметті, оның ішінде Сирияның Голанына басқыншылық жасаудан бас тартқызатын БҰҰ сәйкес резолюциясының қаулысын бекітті. Бұл ең алдымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 497-резолюциясы.
3.Идлиб аймағында ушығуды тоқтату жағдайын мұқият қа-растырды және Идлиб бойынша барлық келісімді толық орындау жолымен «жерде» тыныштық орнату қажеттігі ерекше аталды. Ең алдымен 2018 жылдың 17 қыркүйегіндегі

Меморандум. Аймақтағы «Хейат Тахрир аш-Шам» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік ұйымының ұлғаюына алаңдаушылық туралы айтылды және ДАИШ, «Джабхат ан Нусра» және «Аль-Каида немесе ДАИШ-пен (Қазақстанда тыйым салынған) байланысты тұлғалар, топтар, ұйымдар мен кәсіпорындарды, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі осыларға теңестіріп бекіткен басқа да террористік топтарды түбегейлі жоюдағы көзқарастар аясында ынтымақтастықты жалғастыру шешімін бекітті. Бейбіт тұрғындар арасындағы қаза тапқандарға көңіл білдіре отырып, халықаралық гуманитарлық құқық нормаларына және Идлиб ушығуды тоқтату аймағының ішінде және сыртында жүрген кепіл-мемлекеттердің әскери қызметкерлерінің қауіпсіздігіне сәйкес азаматтық позициядағы халықты қорғау бойынша бұған дейінгі келісімдер негізінде нақты шаралар қолдануға келісті.
4. Сирияның солтүстік-шығысын-дағы жағдайды талқылады және бұл аймақтағы ұзақмерзімді тұрақтылық пен қауіпсіздікке жету тек елдің егемендігі мен территориялық дербестігін құрметтеу негізінде мүмкін екенін аталып өтті.
5. Осыған байланысты терроризммен күрес, оның ішінде заңсыз өзін басқару бастамасы деген желеумен «жерде» жаңа реалийлерді құруға тырысудан бас тартты. Көрші елдердің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін Сирияның егемендігі мен территориялық дербестігін бұзуға бағытталған сепаратистік жоспарларға нық қарсы тұруымызды білдірдік.
6. Сириялық қақтығыстың әскери шешімі жоқ екеніне көз жеткізгенімізді білдірдік және Сочидегі Сириялық ұлттық диалог конгресінің шешіміне, БҚҚ ҚК 2254 резолюцияна сәйкес БҰҰ көмегі-мен сириялықтардың өзі жүзеге асырып жатқан саяси процесті сүйемелдеуді жақтайтынын рас-тадық.
7.Сочи қаласындағы Сирия ұлттық диалогы Конгресінің шешімдеріне сәйкес, Женевадағы Конституциялық комитетті қалып-тастыру мен іске қосу мәселелері бойынша үшжақты форматта және БҰҰ Бас хатшысы Гарри Педерсонның арнайы елшісі кеңсесінің өкілдерімен бірлесіп егжей-тегжейлі консультациялар өткіздік. Орган процедурасының құрамы мен қағидаларын нақты бекіту бойынша қол жеткізген табыстарды атап өттік және комитеттің жақын арадағы шақырылымына дайын екенімізді растадық.
8.Астана форматының бейінді жұмыс тобы аясында 2019 жылдың 31 шілдесінде күшпен ұсталған тұтқындарды босату бойынша кезекті табысты операциямен құттықтадық. Бұл жұмыс тобының өзінің өзектілігін және сириялық тараптар арасында сенім орнатуда тиімділігін көрсеткен бірегей механизм екенін атап өттік және оның жұмысын жандандыру мен жалғастыру шараларын жасауға уағдаластық.
9.Сирия аумағындағы барлық сириялыққа алдын ала шартсыз гуманитарлық көмекті арттыру қажеттігін атап өттік. Сириядағы гуманитарлық ситуацияны жақсартуды және саяси реттеу процесін қолдау мақсатында халықаралық қауымдастықты, БҰҰ мен оның гуманитарлық агенттіктерін Сирияға көмекті арттыруға шақырдық. Оның ішінде негізгі инфрақұрылым нысандарын – су және электрмен қамту, мектеп, ауруханаларды тезірек қалпына келтіру және гуманитарлық минасыздандыру жобаларын жүзеге асыруға мән берген жөн. Сирияға гуманитарлық көмек мәселелері бойынша Халықаралық конференция өткізу туралы идеяларды талқылап, пікір алмастық.
10. Босқындардың қауіпсіз әрі ерікті түрде қайтып келуіне, Сириядағы адамдардың ішкі қозғалысына, қайтып келу құқығымен қамтамасыз етуге көмектесудің маңызды екенін баса айттық. Осыған байланысты, халықаралық қауымдастықты сәйкес қолдау көрсетуге шақырдық және барлық мүдделі тараптармен, оның ішінде БҰҰ Босқындар ісі бойынша Жоғарғы комиссар басқармасымен, өзге де маманданған халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесуге дайындығымызды растадық.
11.Астана процесінің жаңа бақы-лаушылары ретінде Ирак пен Ливан делегацияларының қатысуын мақұлдадық. Бақылаушы елдер — Иордания, Ирак және Ливанның Сириядағы бейбітшілік пен тұрақты-лықты орнату ісіне өз үлесін қосатынына сенім білдірдік.
12.Нұр-Сұлтан қаласында 13-ші халықаралық кездесу өткізгені үшін Қазақстан билігіне шынайы алғыс білдіреміз.
13.Сирия мәселелері бойынша Астана форматындағы келесі Халықаралық кездесуді Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың қазан айында өткізуді ұйғардық, — делінген.

Ермек Сахариев

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.