Билік басында 59-дан аспағандар ғана қалсын

0
188

«Нұрсұлтан» қаласы атқарушы биліктің шоғырланған жері. Сондықтан да болар, халықтың бар зейіні сол жаққа ауып тұрады. Соңғы жылдары халық арасында билік бишігін ұстап отырғандар жайлы түрлі пікірлер көп…
Ақын Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деп жыр арнаған жастар, көп жағдай да билікке толысып, тәжірибе жинақтап әрең келеді. Себебі алдыңғы буын ағалар «жылы орынын» оңайлықпен босатпайды. Босатқан күнде де ол орынға жастар лайық па?
Бүгінгі таңда облыс басқарып отырған бірнеше қарт әкім бар. Министрлікте де бірнешеуі жүр. Парламент те ше? Заң шығарушы билікте де жасамыстар жеткілікті. Мәселен мәжілісмендердің 40 пайызға жуығы зейнет жасына жеткендер. Керек десеңіз қарт коммунист Владислав Косарев 80 –нен асты. Өзін елбасының сенімді серіктерінің бірі санайтын Қуаныш Сұлтанов Жоғарғы кеңесті қоса алсақ 30 жылдан аса депутат болып отыр.
Осыларды көріп түңілді ме, жоқ әлде тыңнан ой айтқысы келді ме, белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембаев: “Келесі жылы 59-дан аспағандар ғана билік басында қалуы керек” деп әлеуметтік желіге жазды. Оны оқырмандар қолдап әкетті.
«Парламенттің, Үкімет пен әкімдердің құрамын қарап шықтым. Жағдай мәз емес екен. Тәжірибесіне, біліміне не басқа да артықшылықтарына қарамастан, ең алдымен, 60-тан асқандардың мемлекеттік қызметте істеуіне тыйым салу керек. Тәжірибелі әрі білікті болсаң, кеңесші бол! Билік басында тіпті бір ғана ақсақал қалса да, біз елді толық өзгерте алмаймыз. Уақыт зымырап барады, бәрі тым жылдам өзгеріп жатыр. Меніңше, жас шектеуі жыл сайын бір жылға азайып отыру керек. Келесі жылы 59-дан аспағандар ғана билік басында қалуы керек және жасы 50-ге жетпегендер ғана қалғанға дейін бұл жалғаса беруге тиіс» дейді ол.
Бұған келісу, келіспеу әркімнің жеке шаруасы әрине. «Мүмкіншілігі жетпей жатса кез келген мемлекет қызметіндегі адамдар осы қызметке мен сай емеспін, мүмкіншілігім жетпейді деп айтуына болады. Ал белгілі бір жаспен шектеп, кейін зейнеткерлікке шығарып тастау, тек қана әкімдер емес, барлық жерде де қажеті жоқ. Себебі, тамаша доктор, ғалымдардың жұмыссыз қалғанын көріп отырмын» – дейді саясаттанушы Дос Көшім.
«Кейбір қызметкерлермен бір жылға мысалы шартты ұзартуға жағдайлар бар. Олар кәсіби жағынан жоғары білікті азаматтар. Олардың бәрін зейнет жасына келді деп лақтырып тастаған да дұрыс болмайды» – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұсырман Кәрібай.

Нағашыбай Қабылбек

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.