АҚОРДАНЫҢ МАҢЫ ТАҒЫ ДҮРЛІКТІ

0
859

19-тамыз күні Нұрсұлтан қаласында тағы шу шықты. Мектепке көмек ретінде берілетін ақшаны азсынған әйелдер тура Ақорданың алдына жиналды. «Дәніккеннен құныққан жаман» дейміз бе, жоқ әлде, «Шын жыласа соқыр көзден жас шығады» деп әспеттейміз бе, нақты баға беру қиын. Әйтеуір, ащынған әйелдер, Ақорданың алдына күрке тігіп, талап-тілектері ескерілгенге дейін сол жерді «мекен етуге» дайынбыз деп отыр. Екпіндері қатты. Сөздері уытты. Сабырға келетін түрлері жоқ. Өтініш – тілектерін Ақорданың ішіндегі шенеуніктер тыңдаса дейді. Әкім-қаралардан көңілдері қатты қалғанға ұқсайды. Бірақ әйелдердің «дүмпуіне» Ақорда селк ете қоймады.Оған да себеп бар секілді. Мемлекеттің беріп жатқан түрлі әлеуметтік көмектеріне мысық құсап көз жұма қарап, барға қанағат қылмауда жақсы әдет емес негізі. Бұдан да жаманымда тойға барғанмын дейтін қазақтың бүгінгі аналары, кей өңірлерді тұрмысы төмен отбасылардың да бар екенін, олардың биліктің осы көмегіне де шүкір деп тіршілік кешіп жатқанынан хабарсыз сияқты…
Қит етсе 10 шақты әйелдің Ақорданың алдын “шаң” қыла беруіне де қоғамның көзі үйренді. Баяғы да аталарымыз “Не көрсеңде халықпен бірге көр” деп отыратын еді. Оған құлақ асар жан қайда? Дәл бүгінгі таңда ел ара аштық жоқ. Бірақ рухани ашыққан адамдар көбейіп барады. Олардың тойымсыз әрекеті, бірге емес мыңға тиюде. “Кедей бай болсам, бай құдай болсам” деген заманды бастап кешіп жатырмыз…Не керек Ақорданы бетке алған әйелдермен сұхбаттасуға бұл жолы министрде, Астана әкімі де жоламады Есесіне наразылармен тілдеуге Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен ғана төбе көрсетті. Оның айтуынша әкімдік тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға мектеп формасы үшін 30 мың теңге (шамамен 78 доллар) бөлген. Одан бөлек, балаларды мектепке дайындау үшін әкімдіктен көмек алатын отбасылардың көбі атаулы әлеуметтік көмекпен де қамтамасыз етілгенін жеткізді.
Сонымен бірге әкім орынбасары Нұр-Сұлтанда арзан мектеп формасын сататын жеті дүкен барын, 30 мың теңгеге бір баланы киіндіруге мүмкіндік барын да айтып қалды.
Сол – ақ екен, Ақорда маңына жиналған әйелдер шу ете қалды. Олардың сөзіне сенсек, 30 мың теңге қазір ақша емес. Ол қаржы бір баланың оқу құралына әрең жететін көрінеді. Ақшаның құны кеткені жайлы да күңкілдеген әйелдер болды. «Халықты бұлай алдарқата беруге болмайды. Итке сүйек тастағандай тиын-тебен ұстатып алдарқатқанға енді көнбейміз» деп түтігіп кеткен әйелді де көрдік. Наразы топты арнайы жасақ қоршап алып, Ақордаға қарай өткізбеді. Бәлкім шенеуніктер жұмыс терезелерінен бәрін бақылап отырғанда болар. Әйтеуір ешқайсысы бұл маңға ат басын бұрмады.. Тек он шақты автобус пен бір жедел жәрдем көлігі қаңтарылып тұрды анадайда…

Нағашыбай Қабылбек

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.