Күшті, қуатты мемлекет болуды Қытайдан үйренейік!

0
871

1 миллиард 300 миллион халқын бар болғаны 9 млн 600 шаршы шақырым жерге құжынатып сыйғызған Қытайға таң қаламын. Бүкіл төрткүл әлемді өзіне қаратып, таңғажайып алып реформалар жасап жатыр. Осыншама халықты қалай асырайды? Қандай құдіретпен? Қысылмай, қымтырылмай аш-жалаңаш болмай жайбарақат өмір сүріп жатыр. Осы алып мемлекетте 23 провинция, 5 ұлттық автономия бар. Халықтың 92 пайызы қытай. Шетінен патриот. Ұрлық, сатқындық, жемқорлық атымен жоқ. Әрбір қытай ұлты, мемлекеті үшін жанын беруге даяр.
Дап Сяо Пин деген көсемінің мына сөзі ойымнан кетпейді: «Біздің үйіміздің төрт қабырғасында төрт терезе болуы керек. Біріншісінен ғылым-білім, екіншісінен технология, үшіншісінен тәжірибе мен біліктілік, төртіншісінен капитал құйылады».
Оларды істеу үшін де еңбек керек қой. Ал қытайдың еңбекқорлығына құмырсқаның өзі де тәнті болса керек. Мұның бәрін жасап отырған темірдей тәртіп екендігінде сөз жоқ.
Ал бізде ше? Сол тәртіп болмай тұр. «Балық басынан шіруінің» кебімен биліктің өзінде жемқорлық, ұрлық дендеп тұр. Бізде бәрі (оның ішінде арда, ұятта) ақшаға сатылады. Кеденнің түрі анау. Ондағылар жылда сотталады. Бірақ жемқорлықтан тыйылмайды. Себебі, сотталғандар өтемақысын төлеп түрмеден босап кете береді.
Біз іргеміздегі қытайдан үйренуіміз керек. 18 млн халық тәртіпке бағыну үшін билік алдымен өзін тазартсын. Жемқорлықты түбегейлі жоймай, қаншама жолдау жарияласақ та күшті, қуатты ел бола алмаймыз.

Е.Ешмұраттегі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.