Жолың болсын десең, жол жөнде!

0
447
 Жол жүрмейтін адам жоқ.  Таңның атысы күннің батысы   қара жолдың бойында  көліктер легі бір толастамайды.  Алыс, жақын сапарға шығатын жолаушылар саны да соңғы жылдары күрт артқаны жаңалық емес. Жол жүру қауіпсіздігін сақтауда жолдың  сапалы жөнделуі және күтілуі өте маңызды мәселе.  ҚР «Автомобиль жолдары  туралы» 2001 жылдың 17 шілдесі күні қабылданған  арнайы Заңы мен «Нұрлы жол»  бағдарламасына сәйкес   жол құрылысын жүргізу  мен жөндеу, күтіп-ұстау  жұмыстарына Алматы облысында жылма-жыл  қомақты қаржы  бөлінуде.  Осыған орай  Алматы облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының    атқарып жатқан жұмыстары жөніндегі мақаланы назарларыңызға ұсынамыз.
 Жол жөндеуге 20 млрд.  қаржы бөлінген
  Алматы облысында  жалпы пайдаланымдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 6138,6 шақырымды құрайды. 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 78,1 %, жыл соңына қарай бұл көрсеткіш 78,5 % құрайтын болады.
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында қауіпсіз және үзіліссіз қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы жөндеу және күтіп-ұстау жұмыстарына 20 317,938 млн.теңге қарастырылған, оның ішінде: республикалық бюджеттен – 8 167,674 млн.теңге;  жергілікті бюджет – 12 150,264 млн.теңге.
Осы бөлінген қаражатқа  яғни облыстық маңызы бар жолдарға 348,2 шақырым жол жөнделеді деп күтілуде. 2019 жылы 27 шақырым автомобиль жолдарының құрылысы мен қайта жаңғыртуға, сондай-ақ ЖСҚ, ТЭН әзірлеуге  4  млрд. теңге қарастырылған. Алматы облысының туристік кластерін дамыту мақсатында келесі жобалар әзірленіп, іске асырылуда.
Соңғы жылдары  Алматы облысының аумағында Алакөл мен Балқаш курорттық аймақтарын дамыту жоспары әзірленіп   бекітілді. Осыған орай  2017 жылы  Астана қаласында Алакөл, Балқаш курорттық аймақтарын дамыту бойынша ұсыныстарды қарау және іріктеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында инженерлік-көліктік инфрақұрылымдардың құрылыстары жүргізіліп, курорттық аймақтарды дамытудың әлеуеті таныстырылған еді
Ақши ауылынан Алакөл көлінің жағалауында орналасқан демалыс орындарына дейінгі жолды қайта жаңғырту бойынша жұмыстары жүргізілді. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 23,78 шақырымды, оның ішінде: сол жақ жағалауы бойынша – 15,53 шақырымды, оң жақ жағалауыбойынша  8,25 шақырымды құрайды. Жобаны жүзеге асырудың құны – 3,036 млрд.теңге толығымен игеріліп, нысан пайдалануға берілді.
Балқаш көлінің жағалауында туризмді дамыту үшін жалпы ұзындығы
141 шақырым «Алматы-Өскемен-Қызылқайың-Лепсі» автомобиль жолының реконструкциясын жүргізу бойынша 134,4 млн.теңге сомаға ЖСҚ әзірленді. Аталған автожолдың құрылысын 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыруға енгізу үшін уәкілетті органға 758,5 млн.теңге сомаға бюджеттік өтінім жолданды.  Қаржы кезең-кезеңмен бөлінеді.
Осындай облыстың  туристік кластерін дамыту мақсатында Балқаш жағалауы, демалыс аймақтарына баратын автожолдарды қайта жаңғырту жобалары іске асырылуда: «Алматы-Өскемен-Лепсі-Ақтоғай», км 0-110, «Алматы-Өскемен-Қызылқайың-Лепсі», км 113-117, «Лепсі-Балқаш көлі», км 0-27 жолдарын қайта жаңғырту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Қазіргі таңда аталған нысандар бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде, жобаның іске-асыру мерзімі 2018-2021 жылдарға жоспарланған.
Қауіпсіз жол— тұрғындар үшін  маңызды
Облыс аумағын мекендеген  екі миллионнан астам тұрғындардың  ауыл мен қала, мекен мен мекен арасына қатынап,  жүріп тұратын жолдардың қауіпсіздігі  басты назарға алынған. Бұл барыста  арнайы  комиссияның  зерделеп барып, шығарған ұсыныстары тиісті орындармен қаралып, шешім қабылданады.  Осындай  нәтижелі  шешімнен  кейін «Сарыөзек-Қорғас-Қоғалы-Көксу-Қарабұлақ»,  94-122  шақырымдағы  Ескелді ауданының автомобиль жолдары учаскелерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, 2018 жылы жоспарланған 7 шақырым  қайта жаңғыртылды.  Ағымдағы жылы  жоспарланған  8 шақырым жолды жаңарту жұмыстары  одан әрі жалғасуда.  Автомобиль көліктерінің  қауіпсіз қозғалысы үшін  жағдай туғызу  ауыл тұрғындарына деген  қамқорлықтың бір түрі.
Мысалға 2018 жылы күрделі жөндеуден Қарасай ауданындағы «Шамалған ауылына кіреберіс» 0-8 шақырымы. Жамбыл ауданындағы «муз.Жамбылға кіреберіс» 0-3 шақырымы.Еңбекшіқазақ ауданындағы «Шарын шатқалына кірме жолы», 0-11,17 шақырымы. Талғар ауданындағы «Талғар-п/л “Спутник”, 6-11 шақырымы. Іле ауданындағы «Алматы – Жетіген – Капшағай су қоймасы», 33-53 шақырымы  өткізіліп, пайдалануға берілген. Сонымен қатар  өткен жылы келесідей басымдылықты бағыттағы автожолдардың учаскелері жөнделіп, пайдалануға берілді: Қарасай ауданындағы «Алматы 1-ст. Шамалған-Ұзынағаш», 29-52 шақырымы;Іле ауданындағы «Алматы-1-Винсовхоз-Чапаев», 0-22 шақырымы;Талғар ауданындағы «Панфилов ауылына кірме жол», 0-4,93 шақырымы;Жамбыл ауданындағы «Ұзынағаш ауылына кірме жол», 0-3 шақырымы.  Жамбыл ауданындағы «Сұңқар-Қаншеңгел-Топар-Құйған», 48-86 шақырымы; Кербұлақ ауданындағы «Сарыөзек-Қорғас-Қоғалы-Көксу-Қарабұлак», 43-58 және 0-38 шақырымдары;Кербұлақ ауданындағы «Жоламан аулына кіреберіс», 0-13,5 шақырымы;-Ақсу ауданындағы «Алматы-Өскемен р.ж – Қапал-Арасан сан.», 48-76,5 шақырымы; Балқаш ауданындағы “Топар-Акжар”, 0-30 шақырымы жөнделді. Бұл сапарға шыққан   елді мекен тұрғындары үшін   көп жеңілдік туғызуда. Әрине, облыс аумағында әлі де ішкі қатынас жолдарын жөндеу  мен  қалпына келтіру жұмыстары  ағымдағы жылы да жалғасуда.
2019 жылы да  облыс бойынша 59,5 км автомобиль жолдарын күрделі жөндеумен қамтылады. ЖСҚ әзірлеуге және жөндеуге 4 799,103 млн. теңге бөлінді  2019 жылы орташа жөндеумен 187,3 км автомобиль жолдары қамтылады. Осы мақсатқа – 5 524,562 млн. теңге бөлінген.
Көпірлерді жөндеу
бағдарламасы әзірленді
Жетісу  аймағы  сарқырап аққан бұлақтар, өзендер мен көлдерден тұратын сулы да нулы аймақ екені белгілі.  Осыған орай автомобиль жолдарында қауіпсіз және үзіліссіз көлік қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында, диагностикалау және паспорттау негізінде, басқарма 2017-2020 жылдардағы кезеңге көпірлерді бірте-бірте   қалпына келтіру бағдарламасын әзірлегені.
 Облыс әкімі Амандық Баталовтың тікелей қолдауымен  ұсынылған бағдарламаға сәйкес 2017-2018  жылдары  көпірлерді кезеңді түрде қалпына келтіру үшін   апаттық деңгейі 1-ші дәрежелі 31 көпірлік өтпені орташа және күрделі жөндеуге техникалық және жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қаржы бөлінді. 24 көпірді күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, Қазіргі уақытта 2019 жылға Ақсу, Еңбекшіқазақ және Қаратал аудандарындағы 4 көпірді күрделі жөндеуге  қаржы бөлініп, жұмыс жүргізілуде.
 Жұмыс сапасы  бақылауда
Жылма-жыл қомақты қаржы жұмсалып  күрделі жөндеуден өткізілетін  жол  жұмысы сапасы қатаң бақыланады. Егерде  сапасыз  атқарылған  жұмыстар анықталған жағдайда  жауапты  мердігерлік ұйымға  айыппұлдар салынып, қайта  жөндеу міндеттеледі. Өкінішке орай мұндай  фактілер облыс көлемінде баршылық
Мердігер ұйымдар орындайтын жұмыстардың сапасын бақылауды техникалық қадағалау инженерлерінің қызметі, сондай-ақ басқарманың облыс аудандары бойынша жауапты жетекшілері  жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің  2016 жылғы 12 ақпандағы № 72 бұйрығымен бекітілген “Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілер бойынша техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу” мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға сәйкес құрылысты техникалық қадағалау, орындалған жұмыстың сапасын, мерзiмiн, құнын, қабылдап алынуын және объектiнiң пайдалануға берiлуiн қоса алғанда, жобаны iске асырудың барлық сатысында жүзеге асырылады. Сонымен қатар, автомобиль жолдарын салу, қайта жаңғырту, жөндеу кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасын іріктеме бақылау бойынша аттестатталған және тексерілген жабдығы бар ұйым инженерлері жүргізетін тексерулер жүзеге асырылады.
2019 жылы облыстың 18 ауданы мен 2 қала маңындағы автожолдарды ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстауға (оның ішінде қысқы  мезгілде ұстауға)  2 млрд. астам . теңге бөлінді. Көктемгі-жазғы кезеңде жол жиегін тегістеу, шөпті шабу, қураған ағаштарды кесу, жол төсемі шұңқырларын жөндеу, жол белгілерін орнату, жүріс бөлігі мен жүргіншілер жолын белгілеу жұмыстары жүргізіледі. Жыл сайын облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жол полициясы, көліктік бақылау органдарымен, аудан, қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, облыстық маңызы бар жолдарды күзгі-көктемгі іс-шараларын жүргізеді, болашақ жөндеу жұмыстары мен күтіп-ұстау жұмыстарына жоспарлар айқындалады.
Қысқы кезеңде қауіпсіз және үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында қазіргі кезде  әкімшілік полиция басқармасының келісімімен қауіпті аймақтарға уақытша жол белгілерін орнату, негізгі жол техникасын жұмысқа дайындау, көк  тайғаққа қарсы материалдарды дайындау және қауіпті аймақтарды  анықтау  жұмыстары жүргізілді.   Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2019-2020 жылдары   облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын қысқы  кезеңде күтіп-ұстау жұмысын бақылауында ұстап,   көліктердің қауіпсіз қозғалысы үшін  барлық шараларды жүзеге асыруда.
Түйін:  Сапалы жол – көліктер қозғалысының қауіпсіздігі  мен адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіншілік тудырады. Себебі  әр бір адам – жол үстіндегі жолаушы. Қазіргі кезде облыста Талдықорғаннан  демалыс аймақтары  саналатын  Алакөлге, Балқаш көлдеріне баратын жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Әрине бір сәтте, бір жылда  мұндай көлемі үлкен күрделі  жөндеу жұмыстары аяқтала  қалмайды.  Жөндеу жұмыстарының  өз мерзімі бектілген.  Сондықтан жол құрылысын жүргізіп  жатқан мердігерлік ұйымдарға деген  реніштер жетерлік. Алайда  алдағы жылдары бұл жолдардың да жөнделіп, пайдалануға берілетініне сенім мол. 
Нұрила Бектемірова
Алматы облысы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.