ДАРИҒА НЕГЕ ҚАЙТА ТАҢДАЛДЫ?

0
1169

Тап осы күні сенатта да біраз жаңалықтар орын алды. Жаңа сайланған сенаторлар ант берді. Жаңалықтың төресі Дариға Назарбаеваның Сенат спикері болып қайта сайлануы. Бұл жаңалыққа әлеуметтік желіде қарсы реакция байқалды. Халықтың сөзіне қарағанда тұңғыш президенттің қызының сенатқа спикер болуы біраз жайларды аңғартады. Өйткені сенат төрағасы заң бойынша президенттен кейінгі екінші адам. Алла Тағала бетін әрі қылсын, егер президент ауырып-сырқап қалса, басқа да жағдайлар орын алса, сенат спикері президент қызметін уақытша атқара бермек. Түсінікті болу үшін айта кетейік, бұған дейін де Дариға Назарбаева Сенат спикері болып 2019 жылдың 20 наурызында сайланған еді. Парламент палаталарының бірлескен отырысы барысында Сенат спикері қайта сайланды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан кандидатурасы ұсынылғаннан кейін депутаттар дауыс беріп, Дариға Назарбаева ҚР Парламенті Сенатының төрайымы болып сайланды. Мұны естіген халық әлеуметтік желіге «48 сенатор бірауыздан дауыс беріп спикерін сайлапты. Неткен ғажап ауызбіршілік! Əлемде жоқ. Болған емес» деп таңдай қағысып жатыр…
Дариға Назарбаева да оңай шағылар жаңғақ емес. 2003 жылы «Асар» атты саяси ұйым құрып, партия жұмысымен де айналысып көрген. Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызымын деп кеуде қағудан аулақ. Керісінше ғылымға да түрен салып жүр. Саясаттану ғылымдарының докторы, тарих ғылымдарының кандидаты деген дардай атағы бар. Ал сахнадағы өзін өзі ұстауы, әншілік қабілеті орасан. Дариға Назарбаеваның меццо-сопрано дауысы таңдай қақтырарлық деңгейде. Бүгінгі спикердің репертуарында халық әндері, орыс романстары мен опера ариялары бар…

Нағашыбай Қабылбек

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.