Шелек ауданы қайта құрылса

0
625

1997 жылғы ҚР Премьер Министрі Ә. Қажыгелдин баста­ма­сымен жүргізілген оңтайландыруда Алматы облысы Еңбек­шіқазақ ауданы құрамына халықтың келісімінсіз 65 жыл тарихы бар Шелек ауданы қосылған болатын. 33 елді мекенді 120 мың тұрғыны бар Шелек ауданын 1997 жылы 170 мың халқы бар Еңбекшіқазақ ауданына негізсіз қосу өңірдің экономикалық жағдайына, оның болашағына, халқы санына, жер көлеміне жете көңіл бөлмеуінің салдарынан болған. 1997 жылғы аудандық кіріс басқармасының саралауы бойынша Еңбекшіқазақ ауданының жылдық бюджетінің 62,5 пайызы Шелек өңірінің 33 елді мекендерінің үлесіне тиесілі еді. 1997 жылы оңтайлануға түспеген Алматы облысындағы аудандарды салыстырып байқасақ :
Ақсу ауданы жер көлемі- 12,6 мың шаршы км, халық саны- 40500 адам,
Көксу ——- 6,9 мың км2 ——– 40800 адам,
Ұйғыр —– 8,7 мың км2 ——– 63336 адам,
Балхаш —— 37,4 ——— 30065 адам,
Ескелді —— 4 мың км 2 ——— 50163 адам,
Қаратал ауданы —– 24,2 шаршы км ——— 47717 адам.
Ақсу, Көксу, Балхаш, Қаратал аудандарының әрбіреуінде тұратын халық саны 35 мың тұрғыны бар бір ғана Шелек ауылына пара-пар.
Аудан орталығында жиналыстарға қатысу, анықтама қағаз алу, кассовый аппарат, жұмыссыздар тіркеуге, әскери міндетті жастар медкомиссиядан өту үшін, ауырып қалсаң тексерілуге, басқа күнделікті тірлікте кездесетін жұмыстармен Шелек өңіріндегі ауылдардан Шелекке жетіп одан Есікке баратын көлікке отырып күніне 260 км жол жүріп бір барғанда 3000 теңгені жолға ғана шығаруда.
1997 жылдан Шелек өңіріндегі 290 орындық 5 аурухана және туберкулез, тері аурулары, терапия ауруханалары жа­был­ып, Шелек ауылдық ауруханасына ауыртпалық түсіп, дәрі-дәрмек, бинт, ине, төсек орын т.т. жетпеу салдарынан ауру өзін-өзі қамтамасыз ету жолы ашылды.
Шелек ауруханасы Шелек ауылы тұрғындарын ғана қабыл­дай­тын болып, науқас адамдарды, басқа елді мекендерден 90-130 км жердегі УАЗдармен Есікке жеткізетін болды. Түрлі отадан кейін ауруларға медициналық шаралар жасату да үлкен қиындық болып отыр.
Алматы мен Шелек ара қашықтығы 120 км. Облыс тарапынан жолаушылар тасымалдау жүйесі дұрыс жолға қойылмаған, бір жағына 600 теңге орнына 800 теңге жеңіл көлікке 1000-1200 теңге алып мәдени түрде тонауда, бұған шектеу қоятын, студент жағдайын ойлайтын жан болмай тұр.
«Шағын қала» мемлекеттік бағдарламасы үміті орын­дал­мады. Көп қабатты үйлерде 200-ден астам отбасы, жасы да , жасамысы да жеке-жеке төменнен жоғарыға дейін үйдің сыртынан мұржа тартқызып, 4-нші қабатқа газ балонды көтеріп , көмір, отын тасып от жағып жылынып, күлін-қоқысын төменге тасып, 28 жыл әлек болып отыр.
Шелек аудан болған жағдайда Еңбекшіқазақ аудандық әкімі аппаратын ұстау шығыны 2-ге бөлінеді, мемлекетке зиян келмейді. Әр дәрігерлік амбулаториядан Есікке баруға мәж­бүр адам шығындары 4 есеге қысқарса, анықтама қағаз алу мақ­сатында барып қайту шығыны 400 теңге ғана болады.
Шелек ауылы аудан орталығы статусына даяр. Шелек пен ауылдар арасы және 123 көше асфальтталған. Халық ауыз сумен қамтылған, кәріз жүйесі жұмыс істейді. 36 этнос өкілдері , 6 мыңға жуық «Батыр ана», Алтын және Күміс алқа иелері, көп балалы отбасы өмір сүруде. Олардың денсаулығын сақтауда аудандық аурухана, 33 дәрігерлік амбулатория, 16 ФАП 11 ауылдық округте 600 ден астам ақ халатты абзал жандар еңбек етуде.
Шелек ауылының оңтүстігінде қосымша 72 га жер үй құрылысына берілу көзделіп, алдағы жылдары халық саны 50 мыңға жеткелі отыр. Аудан орталығы статусын алған жағдайда Шелек ауылында бүгінгі күні аудандық мекемелерге ғимараттар салу проблемасы мүлде жоқ, барлық мекемелер ғимараттары қиратылмай орнында.Таулы, орманды, егістік, шабындық, жайылым 538,830 шаршы шақырым жер бар.Өңірде 73,1 мың ірі қара, 271,8 мың қой ешкі, 17,1 мың жылқы, 994,0 мың құс есепте. 7 мыңнан астам шаруа қожалы ғы, 24 ЖШС, 2 мыңнан астам жеке кәсіпкер, өндірістік кооператив, АҚ шаруашылықта, жұмыспен қамтылған, ісін асықтай үйір­ген, жомарт жүрек жандар. Өңірде кіші және орта бизнесті дамытуға, жергілікті бюджет қалтасы да толық болуына мүмкіншіліктер толығымен бар.
Алматы-Харгос теміржолы, Батыс Еуропа- Батыс Қытай тас жолы Шелек арқылы өтеді. Ол үлкен логистикалық орталық ашуға мүмкіндік береді, оған лайықты ғимараттар бар. Түрлі қызмет жасауға мүмкіншіліктер бар. Бұл күрделі экономикалық, индустриалды инновациялық даму стратегиясын өңірде іске асыру мақсатында жаңа кәсіпорындар іске қосылып, жұмыс орындары ашылып,жастардың қалаға көшуіне тежеу болмақ.
Бұғыты тауы төңірегінде «Жетісу» ЖШС 3млн 300 мың тн вольфрам кен орны ашу жұмыстары, Сөгетіде 50 МГВ жел қондырғысы станциясы, Шелек өзені бойында 20 мгв ГЭС, Нұрлы ауылында жел қондырғысы станциясы, күн көзінің энергиясын пайдалану 200 мгв электростанциясы құрылыс жұмыстары жүргізілуде, қоқыс өңдеу кәсіпорны салынуы т.б. нысандар жоспарланған.
Бартоғай су қоймасында 320 млн текше метр су жина­лады.150 мың гектар жер суғарылады. 2018 жылдан бастап Шелек ауылы тұрғындарының үйлеріне газ қосу жұмыстары басталды. Шелек темір жол станциясы бой көтерген.
Аяқ қалқан, Қорам, Нұрлы минералды сулары денсаулыққа өте пайдалы.
1997 жылы Еңбекшіқазақ ауданы құрамына халықтың келісі­мін­сіз қосылған Шелек ауданын бұрынғы территориясымен қай­тадан Шелек ауданын құру туралы 10 мыңнан астам тұр­ғын қолдарын қойып жоғарғы жаққа жолдаған өтініштері орын­далады деген үміттеміз.

Ә.Жәпеков,
зейнеткер
Шелек ауылы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.