Ерболат Досаев: Алматының қаржылық орталық ретінде мәртебесі жоғалмайды

0
1250

Ұлттық банкі басшысы Ерболат Досаев Ұлттық банктің елордаға көшірілуіне қатысты  пікірін білдірді. Журналистермен өткен баспасөз маслихатында Ерболат Досаев:   «Бұл тақырып бірнеше жылдан бері талқыланып келеді. Банктің Нұр-Сұлтан қаласына қоныс аударатын мерзіміне қатысты Мемлекет басшысы шешім шығарды. Ұлттық банкті қайта құру кезінде дербес орталық мемлекеттік институт ретінде бөлініп шығатын, Президентке тікелей бағынышты болатын қаржылық нарықты реттеу мен дамыту агенттігі Алматыда қалады деп айта аламын. Қаржылық нарықтың дамуына жауап беретін тарихи статусы бар реттеуші Қаржылық институттарға жақын болғаны дұрыс. Алматының қаржылық орталық ретінде мәртебесі жоғалмайтынына сенімдімін», – деді.  Сонымен қатар Бас банкир   банкке қарасты кейбір  ұйымдардың Алматыда қалатынын,   қаржылық сектор мен бизнес өкілдерінің  Ұлттық банк назарында болатынын айтты. «Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, яғни 2 жылдан соң Ұлттық банк еліміздің бас қаласына көшуі керек. Шамамен келесі жылы елордаға көшеміз», – деді Е.Досаев.

Qazdauiri.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.