ПРЕЗИДЕНТ ТОҚАЕВ ЕЛШІЛЕРГЕ ТАПСЫРМА БЕРДІ

0
3068

 

Қазақта «Елдестірмек елшіден, жауластырмақ жаушыдан» деген мақал бар. Егер тереңірек үңілген адам, бұл сөздің қадір – қасиетіне бойлай түсері сөзсіз! Сол себепті өзге елдегі елшілердің жауапкершілігі де зор.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Үндістан мен Швейцариядағы жаңадан тағайындалған елшілерін қабылдады. Бұл жайлы Ақорда сайты хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үндістан, Швейцария мемлекеттеріне жаңадан тағайындалған төтенше және өкілетті елшілері Ерлан Әлімбаев пен Әлібек Бақаевты қабылдады. Мемлекет басшысы Ерлан Әлімбаевқа Үндістанмен арадағы сауда-экономикалық, инвестициялық қарым-қатынасты нығайтуды, сондай-ақ, туристік бағыттағы байланысты жандандыруды тапсырды. Атап айтқанда, Алтын Орданың 750 жылдығына және басқа да айтулы шараларға басымдық беру керектігін атап айтты. Ал Әлібек Бақаевқа Швейцариямен осыған дейін қалыптасқан саяси, сауда-экономикалық қатынасты жаңа деңгейге көтеру тапсырылды.

Нағашыбай Қабылбек

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.