Латын әліпбиі  –   ел  болашағы

0
1508

 Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  бұдан екі жылдан астам бұрын  жариаланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында алдымыздағы  таяу жылдардағы  міндеттерді айқындап берген еді. Соның біріншісі – қазақ тілі әліпбиін  біртіндеп латын әліпбиіне   көшіру  жұмыстарын бастау қажеттілігі туралы болатын. Еліміздің рухани өміріндегі өзекті мәселенің бірі – әліпбиіміздің өзгеруі. Заман талабынан туындаған жаңа бастаманы жандандыру баршамызға ортақ іс. Республика көлемінде жаңа латын графикасымен жазылған жазба тіліміздің жүйесін, емле ережелерін ғылыми негізін түсіндіре алатын білікті мамандар дайындаудың маңызы өте зор Осыған байланысты  2017 жылы Алматы облысының    әкімдігінің қолдауымен «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» атты жұмыс тобы құрылып, аудан, қалаларда кестеге сәйкес ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  Бүгін назарларыңызға  Алматы облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарамасының  басшысы Айдар  Башбаевтың    өткен  кезеңде  жүзеге асырылған  іс-шаралар туралы әңгімесін назарларыңызға ұсынамыз.

Жаңа  әліпбиге жедел бейімделуіміз қажет

  Латын  әліпбиіне көшу  Қазақстанның  әлемдік ақпараттық кеңістікке енуін жеңілдетіп, тұрмыс пен әлеуметтік өмірді компьютерлендіру сияқты келелі мәселелерді  жүйелі түрде шешіп отыратыны айқын. Яғни бұл  іс-шараның  өзекті екенін көрсетеді.  Сондықтан алғашқы күннен бастап басқарма  тарапынан  ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қолға алынды.

Нәтижесінде 16 аудан, 3 қаланың 70 елді мекенінде жүргізілген түсіндіру жұмысына 299 ауылдың 12 480 адамы  қамтылды. Басқарма тарапынан қазақ тілінде «Жазу тарихы», «Латын әліпбиінің қолданылуы» атты тақырыпта қазақша-орысша әдістемелік кітапша шығарылып таратылды.

Облыс бойынша қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру бойынша 67 дөңгелек үстел, 20 конференция, 29 кездесу, 35 пікір алмасу, 51 ақпараттық сағат, 9 форум, 27 дебат, 14 акция, 6 семинар, 1 брифинг  өткізілді. Ұйымдастырылған шаралар жөнінде әлеуметтік желілерде, республикалық, жергілікті БАҚ-та 1342 материал жарияланды.

Іс шаралар жоспарына сәйкес «Жетісу» телеарнасымен бірлесе дайындалған «Латын әліпбиі өркениетке тура жол» атты 6 бейнеролик, «Буккроссинг» жобасы бойынша 2 бейнеролик «Жетісу» телеарнасынан көрсетілді.

Ахмет  Байтұрсынұлы  атындағы Тіл білімі институты ғалымдарының, зиялы қауым және жастардың қатысуымен ұйымдастырылған «Жетісу» телеарнасының «Болмыс» бағдарламасының арнайы түсірілімінде қазақ әліпбиін латын графикасы негізіндегі әліпбиге көшіру жөнінде маңызды пікірлер айтылды.

Жоспарға сәйкес «Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің ғылыми және ұйымдастырушылық негіздері» атты семинар-кеңес, «Жаңа жазу – жаңа белес» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Латын қарпінде жазуға, оқуға машықтандыру, латын қарпінде таңбалауға бейімдеу мақсатында Астананың 20 жылдығына орай «Арман қала – Астана» атты латын графикасына негізделген жаңа қазақ әліпбиінде эссе жазу байқауы өткізілді.

Жастар  қатты қызықтырады

  Латын әліпбиіне көшу туралы  пікірлер мен ұсыныстар  әсіресе жастарды қатты қызықтырғанын айтқымыз келеді.  Осыған орай әр түрлі топтарда, студент жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыру мақсатында Талдықорған қалалық Медициналық колледжімен бірлесе ұйымдастырылған «Латын әліпбиі: алдағы міндеттер» тақырыбындағы семинар-кеңесте А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан келген  ғылыми қызметкерлер  қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшірудің маңыздылығы мен өміршеңдігі туралы түсіндірді.  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы облыстық филиалымен бірлесе «Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы» атты семинар өткізілді. Сондай-ақ политехникалық колледж студенттерінің қатысуымен «Қазақстандағы жазу тарихы және жаңа латын графикасын қабылдаудың ғылыми-практикалық негіздері» атты конференция, қаладағы мектеп директорларының және қазақ тілі пәні мұғалімдерінің қатысуымен «Латын әліпбиі: ізденіс, даярлық» семинар-тренинг өтті. 2018 жылы облыс бойынша қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруге байланысты 425 дөңгелек үстел, 46 конференция, 128 кездесу, 37 пікір алмасу, 211 пікірталас, 285 ақпараттық сағат, 74 жиын, 56 семинар, 92 көрме, 1 фестиваль, 1 форум ұйымдастырылды.

Облыс бойынша латынға байланысты 89 билборд, 8 аспалы қондырғы, 26 панно, қанатты сөздер жазылған 7 перекид орналастырылған.

«Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері жобасы» бойынша арнайы бекітілген кестеге сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Емле ережелердің жобасын түсіндіру мақсатында «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» атты ақпараттық-насихаттық тобы облыстың 15 ауданындағы   60 елді мекенінің 35 мыңға жуық тұрғынымен кездесті.

Ұйымдастырылған шаралар жөнінде әлеуметтік желілерде, республикалық, жергілікті БАҚ-та 783 материал кеңінен жарияланды.                    9 қарашада «Латын әліпбиі: тәжірибе, пікір» атты халықаралық конференция өтті. Конференцияда баяндама жасау үшін шетелдік ғалымдар және Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл – Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтыны ғалымдары қатысты. Шараға негізінен облыс мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатыстырылды.

Латыннегізді қазақ тілі әліпбиінің практикалық тұрғы да меңгерілуін жан-жақты қамту, нақтылай түсу, бейімделу мақсатында ұйымдастырылған жалпыхалықтық диктантқа 123 134 адам (120 000 адам жоспарланған) қатысып, облыс халқы белсенділік танытты. Нәтижесінде қатысушылардың 62 % жаңа әліпбиді меңгергенін көрсетті (31241 «өте жақсы»,                         44611 «жақсы»).

            «Тіл» оқу –әдістемелік орталықтар  ашылады

Латыннегізді әліпбиді меңгертуге қолайлы жағдай жасау мақсатында облыс әкімдігінің қолдауымен оқыту орталығы жоқ 10 ауданда (Ақсу, Балқаш, Ескелді, Жамбыл, Кеген, Көксу, Кербұлақ,  Панфилов, Райымбек, Талғар) тіл оқыту орталықтарының филиалдарын ашуға байланысты жергілікті бюджеттен  80 млн. теңге қаржы бөлініп, облыс әкімдігінің қаулысы шығарылды. Бүгінгі күнге штат кестесіне сәйкес аудандық филиалдарының меңгерушілері мен оқытушылары жұмысқа қабылданды. Алдағы уақытта барлық аудан, қалаларда «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының филиалдарының салтанатты түрде ашылу рәсімі ұйымдастырылып, латыннегізді әліпбиді меңгерту бойынша жүйелі жұмыс жасайтын болады.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында латыннегізді ұлттық әліпби кабинеті ашылды. Кабинет латыннегізді ұлттық әліпбиді үйрету, жаңа емле ережелерін түсіндіру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында жасақталған және онда ұлттық әліпбиге қатысты дәрістер, оқу курстары, семинарлар т.б. іс шаралар өткізіліп тұрады.  Латыннегізді ұлттық әліпби кабинеті соңғы үлгідегі интербелсенді тақта, компьютерлермен, жаңа әліпбиді үйретуге қажетті бағдарламалармен жабдықталған, қазіргі қазақ тіл білімі салалары бойынша соңғы жылдары жарық көрген ғылыми еңбектер жинақталған. Кабинетте qazlatyn.kz, emle.kz, tilalemi.kz, atau.kz, termincom.kz, qujat.kz сынды ақпараттық порталдар қолжетімді. Сондай-ақ Талдықорған қаласында латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін ересек аудиторияларға оқыта, түсіндіре алатын білікті тренерлер дайындау мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбында дәріс болып өтті.          Дәрісті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы орфография басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты А. Фазылжанова және А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қолданбалы лингвистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы А. Жаңабекова оқыды.

«Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» атты республикалық семинардың қорытындысы бойынша латыннегізді қазақ жазуын ересек аудиторияларға үйрететін болашақ тренерлерге (оқытушыларға) салтанатты түрде сертификат тапсыру рәсімі болып өтті. Латыннегізді қазақ әліпбиі мен емле ережелерінің құрылымын, емле нормаларының ғылыми негіздерін оқыта, түсіндіре алатын білікті мамандар дайындауды мақсат тұтып отырған мұндай республикалық шара ең алғаш Алматы облысынан басталды.  Екі күнге созылған семинарға қатысушылар «Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің мақсаты», «Жаңа қазақ әліпбиінің графикасы мен құрамы», «Бірге жазылатын сөздердің емлесі», «Дефиспен жазылатын сөздер емлесі», «Шеттілдік сөздердің орфографиялануы және орфоэпиясы», «Бас әріппен жазылатын сөздердің емлесі» тақырыптары бойынша білімдерін жетілдірді. Аталған шараға сертификат табыстау үшін А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Уәли Нұргелді Мақажанұлы арнайы келді. Семинар-дәрістің қорытындысы бойынша 60 адамға тренерлік сертификат табысталды. Сертификат алғандардың тізімінде «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары, аталған орталықтың аудандық, қалалық филиалдарының оқытушылары, қалалық және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің қызметшілері, «Азаматтарға арналған үкімет», Ұлттық банк, «Қазпошта» АҚ мекемелерінің филолог мамандары бар.

            Дайындық-оқыту курстары  ұйымдастырылуда

  Биылғы жылдың  наурызынан бастап  дайындық курстары Нұр-Сұлтан қаласындағы  Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында  өткізуде. 72 сағаттық оқыту курсына өңірден  баратын филолог мамандардың тізімі жасалып, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары  арнайы жіберілді. Бүгінгі күнге  11 адам тренерлік сертификат алды.

Сонымен бірге «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшудің тиімділігі» атты облыстық семинар-кеңес өтті. Шараға Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, төтенше жағдайлар департаменті, денсаулық сақтау басқармасы, «Қазпошта» АҚ, Ұлттық банк, әскери бөлімдер, балабақша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ қызметкерлері қатысты.  Шараның негізгі мақсаты – латын әліпбиіне көшудің тиімділігі жөнінде терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Семинарда жаңа әліпбиге көшудің ұтымды тұстары, тіліміздің төл табиғаты мен ішкі заңдылықтарын сақтау, шет тілден енген сөздерді тілімізге икемдеп жаза отырып сананы жаңғырту, қазақ тілінің сөздік қорын байыту, тілдің ішкі мүмкіндіктерін барынша пайдалану мәселелері төңірегінде сөз болды.                А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, грамматика бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д. О. Жұбаева, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, терминология бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д. Қ. Айдарбек баяндама жасап, жаңа әліпби мен жаңа емле ережелеріне қатысты, тіл төңірегіндегі басқа да өзекті мәселелерді көтеріп, келелі ой өрбітті.

Талдықорған агро-техникалық колледжінде Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Латын графикасының емле ерекшеліктері» атты облыстық семинар-тренинг өтті. Семинарға Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан Журналистер академиясының академигі, облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим  Идигов және І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, философия докторы Г. Чукенаева, сондай-ақ, Талдықорған агро-техникалық колледжінің оқытушылары мен студенттері, облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының магистранттары қатысты. «Жаңа әліпби – жарқын болашақ кепілі» тақырыбында өткен семинарға .
басқарма қызметшілері, «Тіл» орталығының оқытушылары, облыстық әділет департаменті, сот, статистика, полиция, төтенше жағдайлар, қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, денсаулық сақтау басқармасы, обаға қарсы күрес станциясы, облыстық онкологиялық диспансері, Қазпошта, калалық білім бөлімінің білім беру ұйымы, халыққа қызмет көрсету орталығы, әскери бөлімдер қызметкерлері қатысты. Семинар қатысушыларына латын әліпбиіне көшудің тиімділігі туралы мағлұмат берілді. Латыннегізді қазақ әліпбиінің емле ережесі түсіндірілді.

Латын әліпбиіне  көшуге  дайындық толастамайды

Жуырда Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Емле ережелерінің орфографиялық, орфоэпиялық заңдылықтары» атты облыстық конференция болып өтті. Шараға Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы және «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы, білім беру ұйымдары, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының аудандық филиалдары, облыстық Полиция департаменті, Талдықорған политехникалық колледжінің оқытушылары қатысты. Нұр-Сұлтан қаласынан келген      Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ақпараттық технология және сараптама басқармасының басшысы Нұржан Сейсенбек орталықтың латын әліпбиін меңгерту мақсатында әзірлеген бірнеше IT жобаларымен таныстырды. Олар: Qazlatyn.kz, Tilqural.kz, Sozdikqor.kz порталдары және 2019 жылы шыққан отандық өнім «Селтең сері» атты 70 минуттық толықметражды мультфильм. «3D» графикасымен жасалған анимациялық фильмде кейіпкер шытырман оқиғаларға тап бола отырып, туған жерді сүю, Отанды қорғау, достық пен сенім, ауызберлік сынды жақсы қасиеттерді үйренеді.

Тілдерді ересек аудиторяларға жан-жақты меңгерту мақсатында                     2019 жылғы 3 сәуірден бастау алған Басқарманың сайтында (http://tildamytu-tdk.gov.kz/videos/) күн сайын, дүйсенбіден жұмаға дейінгі аралықта онлайн көрсетілім арқылы сабақ өтуде. Сабақты Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары жүргізеді. Ғаламтордан сабақтарды кез-келген жерде, көруге мүмкіндік бар. Сабақты көру үшін сайттың бірінші бетінде тұрған «Онлайн көрсетілім» деген жазуды басып, келесі бетке өту арқылы «Тікелей эфирді көру үшін осы сілтемені басыңыз» деген жазуды көруге болады. Тікелей эфир өтіп кеткен жағдайда, онлайн көрсетілімді екі рет басса, сақталған барлық сабақтар қолжетімді.    Бүгінгі күнге дейін латыннегізді әліпбиді үйрету бойынша 17 сабақ өтіп, қаралым саны 768-ге жетті. Алдағы уақытта да  облыстық тілдерді дамыту басқармасы  бектілген кестеге сай  латын әліпбиіне көшу жұмысын жалғастыра береді.

                                                                       Нұрила Бектемірова

Суретте Алматы облысында

латын әліпбиіне көшу туралы

іс-шаралардан көріністер

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.