НИК ВУЙЧИЧ – ӨМІР СҮРУДІҢ ФОРМУЛАСЫ

0
1283

Өмірдің мәні аяқ пен қол, сұңғай бой ғана ма? Онда неге өмірде қатегездік пен тойымсыздық көп? Өз бетімен жүргенімен өзгелердің демеуіне зәру адамдар қоғамда неге азаймай тұр? Екі қолы ұзын болғанымен, біреуге жәрдем беруге қауқарсыздар қайдан шықты? Өмірдің мәні екі аяғын тең басып, екі қолды ерсілі-қарсылы қайшылап жүру ме? Олай десеңіз қателесесіз!

Өмірдің мәні өзгелерге үлгі көрсету, қажыр-қайраттың ерен үлгісін паш ету. Өзгелерді өмір сүруге, еңбек етуге құштарлығын арттыру? Тынымсыз ізденіс, жаңаша талпыныс қай кезде де өз жемісін береді екен. Өмір – сонысымен қызық, сонысымен қымбат-ау… Он екі мүшесі түгел адам жасамаған ерлікті – аяқ-қолы жоқ, бірақ өмірге деген құлшынысы күшті адам жасады десе сенер ме едіңіз? Қайдам? Бірақ бұл шындық. Тағдырдың маңдайға жазғанына ризашылықпен қа-рауда үлкен ерліктер қатарында. Ол соны біледі. Сондықтан да тіршілікпен күресі тоқтамайды…
Нұр-Сұлтанда әлемге әйгілі мотиватор Ник Вуйчичтің және Ицхак Пинтосевичтің қатысуымен «Победитель лени. Жизнь без границ» атты мастер-класс өтті. Бұл шараны «Синергия» бизнес мектебі ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларына тарту етті. Іс-шара әкімдіктің қолдауымен өтті. Ник Вуйчич қала тұрғындарына өз жетістіктерінің тарихын айтып, ешқашан қолдарын түсірмеуге, мақсатқа жету және балаларды басқалардың еңбегін бағалай білуге, табысқа ұқыпты қарауға үйрету әдістерімен бөлісті.
Елорда әкімі А.Көлгінов ұйымдастыру-шыларға, Вуйчич мырзаға және И.Пинтосевичке мотивациялық спичтері, кейстер мен тапсырмалар үшін алғысын білдірді. Қала әкімі 35 мың шақырудың ішінен Вуйчич мырза елордаға келу ұсынысын қабыл алғанын атап өтті. «Мақсат қоя біліп, жұмыс жасап, адал еңбектеніп, сол алға қойған мақсатқа жету шарт. Бүгін пайдалы кейстер берілді. Біз оларды өмірде қолданамыз деп ойлаймын. Білім алу, оқу ─ үздіксіз процесс екенін атап өткім келеді. Біз үнемі білім алуымыз керек, өйткені қазіргі заман талабына сай болуымыз керек. Бүгін 3,500 адам жалқаулықты жеңіп, алдына мақсат қоя білді деп ойлаймын», ─ деді А.Көлгінов.
Еске салсақ, Ник Вуйчич осының алдын Қазақстанға 2017 жылдың желтоқсан айында келіп, «Synergy Global Forum ─ 2017» шарасына Ник Вуйчич спикер ретінде қатысқан болатын.

Нағашыбай Қабылбек

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.