Білімін тілмен баптаған шәкірттер

0
807

2017-2018 оқу жылындағы пән олимпиадалары өз мәресіне жетті. Алматы қаласының әр ауданынан іріктелген шәкірттер қалалық деңгейде білім сынасты. Білім деңгейлері қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша сараланды. Өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендерін жаңашыл сипаттарда анықтады. Г. М. Ахметова басқарып отырған №156 жалпы білім беретін мектептің қос шәкірті өз білім ордаларының абыройын қала дәрежесінде қорғап бақты. 9-орыс сыныбының оқушысы Асанова Адилям ұстазы Н. Ә.Іргебаеваның жүйелі білім бергенін дәлелдеп, 3-орынды иеленді. Ал 11-ұйғыр сыныбының шәкірті Ибдиминова Саида мемлекеттік тілді еркін меңгергенін көрсетіп, 3-орынды қанжығалады. Мемлекеттік тілді қастерлейтін мектеп ұжымы осылайша білім мен тәрбие берудің түпқазығын тілден тауып отыр.
Айзат Рақыш

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.