«Өз ойым» бағдарламасында сөз болған «қыздығын сатпақшы болған» Айнұр Жәнібекованың жарнамасы Қытай елінің сайттарында қызу талқыға түсіп жатыр. «Студент қыз телебағдарламада қыздығын сататындығын ашық айтты, 60 адам қызығушылық танытқаннан кейін бағасы көтерілді» деген тақырыптағы қысқа жазбаны қолдан-қолға өткізіп жариялап жатқан сайттардың мақсаты рейтинг екендігі баршамызға белгілі. Дегенмен, соңындағы коментарийлері адамды ашындыратындығын айтпай кетуге болмас.
«Бағдарлама барысында Айнұр Жәнібекова бұл туралы бірнеше айдан бері ойланып жүргендігін айтыпты. Жыныстық қатынасқа түсумен қатар ақша табуға болатын болса, не үшін өзгелермен тегін қатынасқа түсу керек? Маған оқу қаражатымды төлеу үшін ақша керек. Бұл ақшаны оқуыма төлеуден сырт, пәктікті қалпына келтіру отасын да жасатып алсам деймін. Бұдан бөлек, сән салонын ашып алсам деген де ойым бар. Менің не үшін «сатқалы» отырғанымның себебі осында. Айнұрдың айтуынша, осы арқылы шешесінің «ауыртпалығын» жеңілдеткісі келеді екен. Өйткені оның анасы қызының оқу қаражатын төлеу үшін қиналып жүріпті. Қазақстандық БАҚ-тардың хабарлауынша қазірге дейін 60 еркек бұл «саудаға» қызығушылық танытқан. Осыдан кейін Айнұр бағаны көтеруді ойластырып жатыр», — дейді Қытай сайттары. Ал, соңындағы коментарийлер әртүрлі. Біреулері «келбеті мынадай қызға 35000 юань обал ғой» десе, жұрттың біразы әңгімені Қазақстанның экономикалық қуатына сараптама жасай кетуді де «ұмытпаған». Тағы біреулері «Қытайдан алақан жайып ақша сұрай беретін қайыршылар» десе, екіншісі «кедейліктен осы қадамға барып отыр» деп «түсіністік» танытыпты. Ал тағы біреулері «Қазақстанда қыздар су тегін ғой, болмашы қаражатпен небір сұлуларды шыр көбелек айналуға болады, олардың қыздары ақшасын төлесең болды барлығын жасай береді» депті-міс. Бұдан өткен сүйекке түскен таңба бар ма екен, сірә?!

Ерқазы Сейтқали

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз