Ауғанстанға гуманитарлық көмек берілетін болды

Ауғанстанға гуманитарлық көмек берілетін болды

Италия Премьер-министрі Марио Драги бүгін өтіп жатқан (13 қазан) G20 ("үлкен жиырмалық") елдерінің онлайн жиналысында Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізу мәселесінің мақұланғандығын айтты. Кезекті онлайн саммиттің ұйымдастырушысы Италия Республикасы. Премьер-министр өз сөзінде: «Еуроодақтың сейсенбі күні өткен жиналысында Ауғанстан босқындарына және елдегі шұғыл гуманитарлық көмекке зәру болып отырған адамдарға 1,2 миллиярд доллар көлемінде көмек беру туралы ортақ пікірге келдік.  Қазір Талибан үкіметінің қатысуынсыз. Ауғанстандықтарға көмек берудің өзі қиын, егер олар біздің кіруімізді қаламаса, онда біз кірмейміз. Бұл жердегі көмек қиыншылықта отырған адамдар үшін болып отыр. Талибанмен келісу, оларды ұкіметін мойындауды білдірмейді. Біз олардың сөзіне емес, іс-әрекетіне қарап баға береміз. Өкінішке орай қазірге дейін Талибаннан ешқандай прогресті көріп тұрған жоқпыз»,- деді.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Ұлттық арнада сөйлеген сөзінде «Талибан күткен мақсатқа жете алған жоқ»,- деді. «Біз олардың гуманитарлық көмек, қауіпсіздік, Ауғанстанды террористік ұйымдардың базасына айналуына жол бермеу және экстремизмнің алдын алу бойынша қажетті толеранттылық танытқанын көрмедік»,- деді Ердоған мырза. Қытай тарапы бұдан бұрын Ауғанстан Үкіметіне тиеселі миллиярдтаған доллар қаржыға қарата салынған  санкцияны алып тастауды ұсынған еді. Алайда бұл пікірге АҚШ және Англия тарапы ешқандай жауап берген жоқ.

«Qazaqstan dauiri» газеті
13.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

«Мешіт – имандылықтың ұясы»
Ұлбике Әлібекқызы, Сарысу ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы - 15.09.2024 67
БҮГІН ЖАҢАТАЛАП АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ  ТҰРҒЫНДАРЫ ӘКІМІН САЙЛАЙДЫ
✅Сарысу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі - 15.09.2024 10
«ТҮРКІСТАН АРЕНАҒА» ОРАЛҒАН «ТҰРАН»  КОМАНДАСЫ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 15.09.2024 5
СОЗАҚТЫҚ ҰСТАЗ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНДА РЕКОРД ОРНАТУҒА ҮЛЕС ҚОСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.09.2024 106
Сыбайлас жемқорлық
Бибітгүл Аманжоловна - 13.09.2024 156
ҚАЗАҚТЫҢ БОЛАШАҒЫ
Асқар Жұмаділдаев - 13.09.2024 169
28 мың орындық  мектеп салынады
Ш. МЕКЕНБАЙ, Шымкент қаласы - 04.09.2024 619
Конституция күні аталып өтті
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 04.09.2024 726
Жаңа қонысқа ие болды
Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО Орал қаласы - 04.09.2024 723

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 4546
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 3989
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 6438
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 4949
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 6151