Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті

Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті

Бүгін 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Қарағанды қаласы әкімдігі, Қазыбек би және Ә. Бөкейхан аудандары әкімдіктері, депутаттар, саяси партиялардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, жастар, қала тұрғындары облыстық «Әнет баба» мешіті және  Сәкен Сейфуллин көшесінде орналасқан «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына» арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. 

Сондай-ақ осы күні «Алаш» қайраткері, қазақтың тұңғыш профессор-математигі Әлімхан Әбеуұлы Ермеков тұрған Абай 58-үйдің жанында Қарағанды қаласы әкімдігінің, «Байтақ» партиясы өкілдері және тарихшы Нұртас Смағұл, № 2 лицейдің педагогтары мен оқушыларымен бірлесіп  Әлімхан Ермековтің өмірі мен тарихымыздың қасіретті беттері туралы танымдық сағатын өткізді. 

Бұдан әрі Ә. Бөкейхан ауданында орналасқан «Алаш» қозғалысының көсемі, даңқты қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның муралының қасында жастардың және қаланың белсенді тұрғындарының қатысуымен флешмоб өтті.

Бабаларымыздың қайсар мінезі мен елдік жолындағы ерліктері өшпес нышаны ретінде ұрпақ санасында қала бермек.

01.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда өрттен 13 адам көз жұмды
Qazaqstan Ұлттық Телеарнасы - 30.11.2023 36
Өзгенің табысына ортақтасу – масылдық
Нұрым Сырғабаев nurymsyrgabaev28@gmail.com - 30.11.2023 13
🔰АНА МЕН БАЛАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жуалы ауданы әкімдігі - 30.11.2023 45
ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ
Сарысу ауданы әкімдігі - 30.11.2023 33
КЕЗДЕСУ
Сарысу ауданы әкімдігі - 30.11.2023 33
ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 472 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі - 25.07.2023 1686

Топ жаңалықтар

1
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 4083
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 3751
3
Оразай би ҚОЖАГЕЛДІҰЛЫ. Әшімжанның әкесі.
Show more
Жанарбек Әшімжан ФБ парақшасынан - 2023-06-01 3907
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 3841
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 3913