Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді

Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Прокурор «құпия құжаттармен жұмыс істегенде Президент олардың маңызын ескермейтінін» мәлімдеген. Журналистер ChatGPT мен Claude чат-боттарынан Президенттің когнитивтік қабілеттерін талдауды сұраған.
Businessinsider.com сайтының тілшілері жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін ChatGPT мен Claude чат-боттарынан Джо Байден мен арнайы прокурор Роберт Гурдың арасындағы әңгіменің стенограммасы негізінде президенттің ойлау, талдау қабілеттері туралы сұраған. Осы материалға сілтеме жасаған Aikyn.kz чат-боттардың жауабын түсіндіреді.
 

АҚШ Президентінің егде жасына байланысты мәселе америкалық қоғамда қызу талқыланады. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Chip Somodevilla

Журналистер ChatGPT мен Claude-тен президент Байденнің когнитивтік қабілеттерін оның арнайы прокурорға берген сұхбаты негізінде бағалауды сұраған. Джо Байденнің когнитивті қабілеттері қоғамда айтылып жүрген бағалардан жақсы екенін екі жасанды интеллект чат-боттары бірдей мақұлдаған.

Арнайы прокурор Роберт Гур президент Байденнің құпия құжаттармен жұмыс істеуін зерттегеннен кейін 81 жастағы басшының ақыл-ой қабілетіне байланысты мәселе америкалық қоғамда қайта талқылана бастаған. Ақпан айында Гур президентке ешқандай айып тақпауды ұсынған. Оның ойынша, президент «есте сақтау қабілеті нашар қарт адам» болғандықтан ондай айып тағуды орынсыз деп санаған.

Арнайы прокурормен сұхбатта Байден өзінің қай жылдары вице-президент болғанын, ұлы Боның қай жылы қайтыс болғанын ұмытып қалғаны Америка тарихындағы жасы үлкен басшының ақыл-ойына, есте сақтау қабілетіне қатысты пікірталасты қайта өршіткен.

Арнайы прокурор Роберт Гур АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының Құқықтық комитетінде есеп беруде. Фото businessinsider.com сайтынан алынды. Авторы: Nathan Howard / AP Photo

Президенттің прокурор Гурға берген бес сағаттық сұхбатының толық стенограммасы да қосымша сұрақтар туғызды. Сұхбатты мұқият талдағандардың бір бөлігі Гурдың Байденнің есте сақтау проблемалары туралы асыра айтқанына наразы болған. Ол ұлы Боның қайтыс болған күні мен айын есіне түсірген және вице-президент қызметін атқарғанын жылдарды қате айтқанын да түсінген.

Business Insider сайты OpenAI компаниясының ChatGPT және Anthropic's компаниясының Claude Pro жасанды интеллект чат-боттарына сұхбаттың толық мәтінін жүктеп салған. Журналистер ЖИ чат-боттарынан Байденнің когнитивтік қабілеттері мен егде жасына байланысты қиындықтарын, ойының анықтығын, сөйлеудің үйлесімділігі мен тілді қолдануын, жады сияқты факторларға байланысты бағалауды сұраған.

Бұл чат-боттар үлкен тіл үлгілерінде (LLM) адамға ұқсас жауаптарды жасау үшін үлкен көлемдегі веб-деректерге үйретілген компьютерлік бағдарламалардың негізінде жұмыс істейді. 

Екі чат-боттың да қорытынды шешімі ұқсас болған: Байденнің когнитивті қабілеттері өзінің жасына сәйкес жақсы.

Claude Pro Байденнің егде жасы оның жауаптарына әсер етуі мүмкін екенін атап өткен. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Drew Angerer

«Сұхбаттың стенограммалары президент Байденнің тиімді сөйлесе алғанын, оның қызметтегі уақытының егжей-тегжейлерін еске түсіретінін және сұхбат кезінде логикалық дәлелдер бере алғанын көрсетеді», – деп жазған ChatGPT. – «Бұл аспектілер танымдық қабілеттің маңызды көрсеткіштері болып саналады және оның сұхбат барысында күрделі когнитивті тапсырмаларды орындай алатынын көрсетеді».

Claude Pro да дәл осылай жауап берген, дегенмен чат-бот Байденнің егде жасы оның жауаптарына әсер етуі мүмкін екенін атап өткен.

«Президент Байден негізінен тұтас танымдық қабілеттерін көрсетті: анық және дәйекті ойлау, тілді орынды қолдану және қажетті ақпаратты есте сақтау қабілеті», – деп жазған Claude Pro. – «Жасына байланысты кейбір өзгерістер байқалғанымен, бұл сұхбат контекстінде олар оның жалпы когнитивті қызметіне айтарлықтай әсер етпеген сияқты».

АҚШ президенті Сауд Арабиясында. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Anadolu

Әрине, ChatGPT және Claude Pro чат-боттарының жауаптарын толықтай объективті деп қабылдауға болмайды. 2022 жылдың қарашасында іске қосылған ChatGPT басқа ЖИ боттарына ұқсас жауаптарында қателіктер мен дәлсіздіктер жібереді. Тамыз айындағы зерттеу ChatGPT әртүрлі ауруларды емдеу жоспарларын әзірлеуді сұрағанда жалған ақпарат беретінін анықтаған.

2023 жылдың қаңтарында CNET ақпараттық агенттігі ЖИ арқылы жасалған мақалада көптеген қателіктер болғаннан кейін түзетулер енгізуге мәжбүр болған. 2023 жылдың наурызында Anthropic-тің іске қосқан Claude Pro чат-боты да «кейде қате немесе жаңылыс жауаптар беруі» мүмкін екендігі айтып жүр.

Президент Байден балалармен әңгімелесуде. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Win McNamee

Жасанды интеллект чат-боттары Гур жүргізген сұхбаттың негізінде жасаған қорытындыларына өздері түсініктеме де берген. Байденнің есте сақтау қабілетіне келгенде ChatGPT оның жақсы деңгейін айтса, Claude Pro-ның айтуынша, Байден вице-президент болған кезіндегі нақты мәліметтер мен анекдоттарды айтып беру арқылы жақсы қабілеттерін көрсеткенін жазған.

ChatGPT президенттің түсініктемелер мен қосымша сұрақтарға жауап беру арқылы «ақпаратты өңдеу» және «күрделі пікірталастарға қатысу» қабілетін көрсеткенін жазса, Claude Pro болса «жалпы алғанда нақты және дәйекті ойлауды көрсетеді» және тақырыптан кейде ауытқуларға қарамастан «негізінен тақырыпты талқылай алады» деп баға берген.

Қорытындылай келе, «Президент Байден өз ойларын айтуда, өткен оқиғаларды еске түсіруде және когнитивтік қызметтің аспектілері болып табылатын әртүрлі тақырыптар бойынша егжей-тегжейлі пікірталастарға қатысуда айтарлықтай қиналмайтынын көрсетті», – деп жазады ChatGPT. Claude Pro да осындай қорытындыға келген.

Алайда чат-боттар кейбір сұрақтарда әртүрлі пікір айтқан. Президенттің жасын болжау сұралғанда, ChatGPT оның қанша жаста екенін тек стенограмма негізінде болжау «мүмкін емес» десе, Claude Pro президенттің бұрынғы басшылық қызметтегі жылдарына сүйеніп, сұраққа дұрыс жауап берген.

«АҚШ президенттерінің орташа жасын және стенограммада айтылған оқиғалардың хронологиясын ескере отырып, президент Байден 70-те немесе 80-нің басында болуы мүмкін деп болжауға болады», – деп қорытындылайды Claude Pro.

Business Insider сайтының президенттің ақыл-ой қабілетін бағалаудағы ChatGPT мен Claude Pro жасанды интеллект чат-боттарының пікірлеріне байланысты сұрауына Ақ үй әлі түсініктеме бермеген.

smi24.kz
18.03.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 18
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 564
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 679
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 591
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 602

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8736
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8138
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11367
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9120
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10351