Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Qazaqstan dauiri» ЖШС-ның Бас директоры Сәуле Мешітбайқызы 18 қыркүйек күні ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақовтың қабылдауында болды. Кездесуде Сәуле Мешітбайқызы Оныншы мерейтойлық Astana Media Week 2026 медиа апталығын абыроймен өткізгендігі үшін ұжымдағы барлық әріптестерге алғысын айтты. Онан ары қарай бүгінгі БАҚ саласының жай-күйі, соның ішінде газет-журналдардың тағдыры туралы әңгіме өрбіді. Сөз кезегінде Қанат Жұмабайұлы  «Qazaqstan dauiri» газетінің бағыты, атқарып жатқан қызметіне ризашылығын білдіре отырып, газетіміздің дәстүрлі Ауыл экспедициясының қызметіне табыс тілейтіндігін жеткізді. Кезедсу соңында Қанат Жұмабайұлы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің атынан Сәуле Мешітбайқызына берілген «Қазақстан Республикасы Парламентіне 30 жыл» мерекелік медалін табыстады. Сондай-ақ Сәуле Мешітбайқызының 80 жылдық мерейтойына арналған Вице-Президент Ерлан Қарин, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбай және өз атынан жазылған құттықтау қағаздарын ұсынды.

23.10.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28799
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28328
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45624
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41268
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45941