Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көңіл айтамыз.

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына көңіл айтамыз.
 Бейбіт күнде 14 сарбаз, бір взвод қаза тапқан ауыр қайғылы оқиғадан кейін Қорғаныс министрі мен Әскери-теңіз күштері қолбасшысы отставкаға кетуі керек!
 Әскери тергеу әділ өтіп, кінәлілер қатаң жазалануы тиіс!
Бүгін, 2026 жылы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Каспий жағалауындағы әскери-теңіз оқу-жаттығуы кезінде ауа райының күрт бұзылуы салдарынан 14 әскери қызметші қаза тапты.
Оқиғаның мән-жайы
* Себебі: «Хазар қорғаны — 2026» оқу-жаттығуы кезінде жел күшейіп, теңіздегі толқын 19 әскери қызметшіні алып кеткен.
* Олардың 14-і қаза тапқан.
* 3 сарбаз құтқарылған. Оның біреуі ауыр халде жансақтау бөлімінде.
Қаза тапқан әскери қызметшілер:
1.Аға лейтенант Олжас Мұхтарұлы;
2.м/қ матрос Сержан Талғатұлы Аяпберген;
3.м/қ матрос Өмірбек Өмірболатұлы Өмірзақ;
4.м/қ матрос Алмас Жүсіпұлы Көбенов;
5.м/қ матрос Ақылбек Қабденұлы Төлеген;
6.м/қ матрос Жеңіс Тлеуұлы Темірғалиев;
7.м/қ матрос Мейрамбек Ермұханұлы Бердіханов;
8.м/қ матрос Әсет Саматұлы Жаңабай;
9.м/қ матрос Азамат Болатбекұлы Мәдіхан;
10.м/қ матрос Дастан Нұрболұлы Бегей;
11.м/қ матрос Ақжайық Болатбекұлы Гилаж;
12.м/қ матрос Олжас Тәжібайұлы Диханбаев.
Табылмай жатқан 2 сарбаздың да денесі табылды өкінішке орай…
* ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.
* Үкіметтік комиссия құрылып, қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетілуде.
* Қазақстанда 25 қыркүйек — жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
* Тергеу: Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, Бас прокуратураның ерекше бақылауына алынды, арнайы үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр.
Отан қорғау жолында қасиетті борышын атқарып жүріп қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз.
Пейіште рухтары шалқи бергей.
Ауыр халде жатқан сарбаздардың сауығып кетуін тілейміз.
Осыдан 11 жыл бұрын 2015 жылы да осындай оқу-жаттығу кезінде ауа-райы күрт бұзылып, 4 сарбаз суға кетіп, мерт болған еді.
Әскерде ең алдымен адам өмірін сақтау, қауіпсіздік мәселесі басты назарда болуы тиіс. Бейбіт заманда оншақты күннен кейін үйлеріне қайтайын деп отырған сарбаздардың қаза табуы, ұлдарын сағынып, құшағына басқалы отырған ата-аналардың мырыш табытты құшақтап қалуы қашанғы жалғаса береді?!.
Кейінгі жылдары көбейіп кеткен әскердегі бейбіт күндегі қаза табуды тоқтату керек!
Мұндай 19 сарбаз бейбіт күнде жауапсыздықтан суға кетіп, 14 адам, бір взвод сарбаз қаза тапқан ауыр қайғылы оқиғадан кейін Қорғаныс министрі мен тікелей жауапты Әскери-теңіз күштері қолбасшысы офицерлік һәм азаматтық ар-ұжданы болса, өздері отставкаға кетуі керек!
Әскери тергеу әділ өтіп, кінәлілер қатаң жазалануы тиіс!
Ел аман, жұрт тыныш болғай!
 
 
25.09.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28020
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27498
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44876
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40531
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45188