Кенді Алтайдағы кемел істер: цифрлық даму мен ел игілігі

Кенді Алтайдағы кемел істер: цифрлық даму мен ел игілігі

«Qazaqstan dauiri» газетінің  «Әділет» партиясы,  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі,  ҚР Оқу-ағарту министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Ауыл» партиясы, «Ардагерлер кеңесі» РҚБ,  «ЕлАна» сайты, «Мөлдір бұлақ» журналымен  бірлескен «Цифрлық Қазақстан ауылы – ұлт руханиятының қайнар көзі: Жасанды интеллект, Жаңа Қазақстан, Әділетті Қазақстан, «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп», Инновациялық даму, Ұлттық жад, Ұлттық рух – елді көркейту жолындағы Президентіміздің салиқалы саясаты – дәстүрлі экспедицияның алтын арқауы» атты дәстүрлі экспедициясы Шығыс Қазақстан облысында

 

Аймақ басшысымен кездесу 

Сапарымыздың келесі күн тәртібіне орай, ат басын облыс әкімшілігіне бұрдық.  Мұнда облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов мырзаның қабылдауына кірдік. Кездесуде  облыс әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев, Облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Рауан Жампеисов, ІСБ басшының орынбасары Саят Ибраев қатарлы азаматтар болды. Нұрымбет Аманұлы «Qazaqstan Dauiri» ЖШС-ның Бас директоры Сәуле Мешітбайқызының аймаққа жасаған сапарына сәттілік тілей отырып, емен-жарқын әңгімеге көшті. 

Шығыста соңғы жылдары қарқын алған құрлыс жұмыстары өңірдің экономикасы мен әлеуметтік саласына оң әсерін тигізіп жатыр екен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің тапсырмаларын орындау, халықтың әл-ауқатын жақсарту, облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру жақтарында қыруар жұмыстар атқарылып өз жемісін бере бастапты. Қарқын алған туризм саласы, кенді Алтайдың атырабына еліміздің іші-сыртынан саяхатшылар легін өзіне тарта түскен. Соған жарай қызмет көрстеу саласын кемелдендіру мәселесіне облыс әкімшілігі айырықша назар аударып отыр екен.

Сөз кезегі келгенде Сәуле Мешітбайқызы «Qazaqstan Dauiri» ЖШС-ның жалпы жағдайын таныстыра келіп, билік пен халық арасына алтын көпір болып отырған халықаралық «Qazaqstan Dauiri» қоғамдық-саяси газетінің қазіргі жағдайына тоқталып өтті. Сондай-ақ шығыстың жаңалықтарын үзбей жариялап отыратын газеттің, облыс көлемінде таралымының көбейе түстініне, облыс әкімшілігі мен газетіміздің арасындағы әріптестіктің нығая беретіндігіне сенетіндігін жеткізді.

– «Басты мақсатымыз – Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау, облыс халқының тұрмыс-тіршілігін жақсарту, аймақтың экономикалық-әлеуметтік саласын онан ары дамыту. Облыс аумағында жол инфрақұрылымы бойынша ірі жобалар жүзеге асырылуда,  цифрлық жобаларымыз өз жемісін беріп отыр. Бұл жағында ауыз толтырып айтатын жаңалықтарымыз көп. Сондықтан өңірдегі өнімді істерді, қоғамдық өмірдегі жаңалықтарды кеңінен насихаттауда дәстүрлі басылымдардың орны ерекше болмақ. Біз әріптестікті нығайтуға, әрі сіздерден келіп түскен кез келген сұрақтарға жауап беруге дайынбыз», – деді Нұрымбет Аманұлы.

Ерғазы Сейтқали
13.11.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 29508
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 29073
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 46317
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41916
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 46655