Ауғанстандағы жағдай Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?

Ауғанстандағы жағдай Қазақстанға қалай әсер етуі мүмкін?

«Астана» арнасы: «Отандық саясаттанушылар Ауған мемлекетінің тәліптердің қолына көшуі өзге елдерге кері әсерін тигізбей қоймайтынын мәлімдеді. Айтуларынша, Қазақстан да қауіп-қатерге ұрынуы әбден мүмкін»,— деп хабарлайды. Саясаттанушы Расул Жұмалы: «Меніңше, бұл — алаңдаушылық тудыратын жағдай. Ауғанстандағы шиеленіс, саяси тұрақсыздық әлі ұзаққа баратын түрі бар. Енді оның салдары мынау көршілес жатқан аумақтарға, оның ішінде Орталық Азияға қалай әсер етеді деу — ең алаңдаушылық туғызатын жағдай. Әсіресе, біздің мемлекетке. Енді қазір тікелей әскери шабуыл жасайды деуге болмайтын шығар. Үкімет, «Талибан», басқа саяси күштер Ауғанстанның ішіндегі мәселелерді қалпына келтірумен айналысатын шығар. Негізі басымдық осы», — десе,  саясаттанушы Ерлан Сайыров: «Босқындар тек қана Өзбекстан мен Тәжікстан ғана емес, сонымен бірге Қазақстанға да өтіп кетуі ықтимал»,— дейді.  Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон болса: «Біз ешкімнің «Талибанды» екі жақты мойындағанын қаламаймыз. Ауғанстан қайтадан террор ошағына айналмауы үшін мүмкіндігінше барлық пікірлес адамдардың біртұтас позициясын құрғымыз келеді»,— дейді Ауғанстандағы жағдай сағат сайын құбылуда. Жақында БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі елдегі жағдайға қатысты шұғыл жиын өткізбек.

Ермек Сахариев
19.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

Төбет – қазақтың ұлттық бренді
Жасұлан АБДИҒҰЛОВ, Қуат НҰРҒАЛИЕВ, әуесқой итбегілер - 09.12.2024 76
  Алтын қолды дәрігер
Аяужан ЖАЙЛАУҚЫЗЫ, Алматы қаласы - 08.12.2024 29
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 87
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 89
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 92
Шығыста шаруа қазаны қаз-қаз қайнап тұр
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 89
АБАЙ ЕЛІНДЕ АЛАШТЫҢ РУХЫ БАР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 08.12.2024 92
Шымкент – ауылшаруашылығына қолайлы өңір
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 08.12.2024 87
Ақмола астық жинаудан рекордтық көрсеткішке жетті
Дайындаған – Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 07.12.2024 85
РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КӨКСЕГЕНІ НЕ?
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 07.12.2024 82
Ән өнерінің саңлағы
Саяжан ҚАЙДАР - 06.12.2024 92
ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН, ҒИБРАТЫ МОЛ КИЕЛІ МЕКЕН
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 06.12.2024 92
Тоқсанның төріндегі театр
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 06.12.2024 86

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 10368
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9348
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12588
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11560
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 16571