Теледидарда Гүлдала жерінен әуе кемесінен ұшу алаңына дейін 50 тұрғынға әрқайсысы 5 млн теңгеден жерді сатқанының кесірінен, әуе апатынан он үш адамнын өмірі қиылды. Жер сатқандар бірнеше кісінін ажалына себепші делініп, әзірге жауапқа тартылмады. Ата заңымызда «Жер сатылмайды» деген бапты белден басушылар жетіп артылады.

Жекешелендіру кезінде Жетісайдың мақта өсушілеріне нөл алты сотық жер тиесілі болса, билік иелері он екі гектардан иеленгеніне күлгеніміз бар. Сол жылдарда Балқаш өңіріндегі 2 совхоздын күйрегені тұсында жеке шаруашылық басшысы жүздеген гектар аймақты тоқсан жылға иелену құжатын жасап алыпты. Сол азамат Балқаш жағасынан демалыс орнына құрылыс сала бастағаныңа ақпаратта ел наразылық білдіріп жатты. «Естімеген елде көп» дегендей тоқсан жылға жалға жер беру қандай заңға сүйенеді. Жалға берілген жерлердің құжатында оны екінші, үшінші адамға сыйлауға не сатуға болмайды деген тармақ болмаса мемлекет ол жерді халықаралық сотпен де қайтып ала алмайды екен.

«Шамның жарығы түбіне түспейді» дегендей Астананың іргесіндегі Қосшы елді мекенінде 200-ден астам тұрғынға үш жарым – төрт миллион теңгеден жер сатқанын білеміз. Жақында ғана теледидарда Айыртау ауданының ауыл тұрғындарына билік иелері келіп: «Жайылымдық, шабындықтарыңды аукционға саламыз. Қалталылар елді өркендетеді, байып шығасындар» дегенін естіп жағамызды ұстадық. Өйткені екі сиыры арқылы өмір сүріп отырған, ондада жеміне екі жүз мың теңгедей ақша төлей алмайтын тұрғындарда ондай ақша қайдан болсын. Жиналған жұрт «аукционы құрсын» деп келісім бермей жатты.

Тағы бір ақпаратта Қазықұрт өңіріндегі тұрғындар Мал жайлайтын жерімізді билік тартып алмақ. Бұл не сұмдық, босып кетеміз бе?! деп шырылдаған.

Үкіметті Қажыгелдин басқарған заманда отыз миллион қойды тірісін тірідей өлісін өлідей шетелге сатып 1500 совхоз орталығын иесіз қалдырып еді. Жекешелендіруде билік иелері ауылдарды да тонады, жайылым, шабындықтарын жекешелентіп әкетті. Мәселен Қостанай өңіріндегі 300 шаруашылықтын елді мекендері қаңырап бос қалды. Оның біразы ұлы тұлғаларымыздың кіндік қаны тамған киелі жерлер еді. Сол шаруашылықтардын әрқайсысында бұрын 30-40 мыңнан қой өсірілді. Аманкелді, Жангельдин аудандарының әрқайсысында жылына төлі мен миллионға тарта қой өсуші еді. Бүгінде ел де, жер де жекешеленіп, береке таппай қалды.

Кеңес заманында ауылдын бір адамы қаланын 7 адамын азықпен асыраушы еді. Бүгінде қаланын жеті адамы ауылдын 1 адамын асырай алмай, керісінше жерін тонап, сатып, жеке иеленіп, заңымызды белден басып отыр. Бір кезде ауыл халқы 60  % болса, бүгінде 30 %-ға да жетер жетпесі белгісіз. «Ауыл алтын бесік» дегенді айтқыштар енді  «Ауыл қастандыққа қиянатқа есігі ашық болды ғой» деп түңіледі. Ауылға жыл сайын қаржы да бөлініп жатады. Оны ауылшаруашылығы министірлігі ме, әлде қаржы министірлігі ме елді мекендерге арнайы барып, қандай жұмыс атқарылды, нендей шаруалар тындырылды, деп қатан бақыламаса, әкімдерге сенім жоқтын қасы. Өйткені олар жекеге иеленіп кеткен бұрынғы билік иелеріндегі жерді қайтарып алуға қауқарсыз мысалы облыстарды басқарған Кулагин теледидарда: «Меншігімде 70 мың гектар жер бар» деп ағынан жарылды. Ал осындай 1000-даған жері бар билік иелерінін жерді халық мүдесіне қарай пайдалануы жоқ деседе болады.

Қорыта айтқанда жер туралы заңды қайта қарап, ауыл халқынын шешіміне сай өзгерту бүгінгі кезек күтпейтін мәселе.

«Жер телімін тегін береді деген бар еді», – деді біреу.

«Тасқа тары, мұзға бидай шыққанда тегін аларсын», – деп кекетті екіншісі.

        Табыл Құлияс,

     сатирик жазушы

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.