ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨПҚАБАТТЫ АРЕНДАЛЫҚ ҮЙЛЕР САЛУ ЖӘНЕ САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨПҚАБАТТЫ АРЕНДАЛЫҚ ҮЙЛЕР САЛУ ЖӘНЕ САТЫП АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Өткен жылы 900 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға беріліп, 3 мыңға жуық отбасы жаңа пәтерге ие болды. Сонымен қатар 55 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Дархан Сатыбалдының жіті қадағалауына алынған.
Бүгін облыс әкімдігінде арендалық тұрғын үй салу бағытындағы мәселелер талқыланды. Оған жауапты басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері қатысты. Өңір басшысы тұрғын үйлерді салуда қатаң тәртіп, жүйе болуы керектігін ескертті.
– Тұрғын үй саласы халқымыз үшін өте өзекті мәселе екенін білесіздер. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды жауапкершілікпен атқару керек. Әр аудан, қаланың халық саны, жер ерекшелігі ескеріліп, құрылысы соған сай жүргізілсін. Көпқабатты үйлерді әр ауылға немесе аймаққа шашыратпай, инфрақұрылымын реттеп, бір аумаққа шоғырландыру қажет. Үйлердің сәулеті біркелкі болғаны жөн, – деді Дархан Сатыбалды.
Бүгінде республика бойынша 650 мыңға жуық, ал Түркістан облысын бойынша 60 мыңнан астам адам тұрғын үй кезегінде тұр. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Усубалиевтің айтуынша, елімізде арендалық үйлерді сатып алу механизмі жасалып, тиісті жоспарлар белгіленген. Аудан, қалаларда арнайы жер телімдері белгіленіп, арендалық үйлер салуға инвесторлар тартылып жатыр.
Сатып алынатын арендалық 1 пәтердің ауданы орташа 60 м2 болып есептелген (84 шаршы метрден аспауы тиіс). Күрделі жөндеуден өткізілген, 2 жылдан аспаған жаңа тұрғын үй, сараптамадан өткізілген, сапалы, жаңа материалдардан салынған болуы қажет.
Жиналыста аудан, қала әкімдеріне осы үйлердің құрылысын дұрыс жоспарлау, инфрақұрылымын назарға алу тапсырмасы жүктелді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
11.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 122
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 117
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 122
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 313
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 307
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 930

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9003
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8398
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11624
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9381
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10607