Қосшы қаласының барлық мектептерінде «Прокурор сағаты» өткізілді

Қосшы қаласының барлық мектептерінде  «Прокурор сағаты» өткізілді

«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Қосшы қаласының прокуратурасы қаланың барлық жалпы білім беретін мектептерінде «Прокурор сағаты» профилактикалық іс-шараларын өткізді.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауды қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін нығайту.

Кездесулер барысында оқушыларға жасөспірімдер қылмысының, буллингтің, интернет-алаяқтықтың, дропперліктің және есірткі заттарының заңсыз айналымының алдын алу мәселелері түсіндірілді.

Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылығы, қоғамдық тәртіпті сақтау және заңға қайшы әрекеттерге жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ашық диалог форматында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша практикалық кеңестер алды.

Ақмола облысының прокуратурасы

23.10.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28797
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 28327
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 45623
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 41267
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45940