Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің ресми
хабарламасында: «Алматы облысында көлік апатынан 7 адам мерт болды.
Жантүршігерлік оқиға 19 маусым күні сағат 18:45 шамасында «Алматы-
Көкпек-Көктал» тасжолының 134-шақырымында орын алған. Байсейіт
ауылының маңында «Toyota Rav-4» және «Audi C4» көліктері соқтығысқан.
Салдарынан екі көліктің де жүргізушісі және үш жолаушысы оқиға орнында
жан тапсырды. Тағы екі адам Шелек ауылындағы ауруханада көз жұмды.
Қаза болғандар арасында 16, 13, 8 жастағы балалар мен 4 айлық сәби бар.
Тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Қазір аталған
факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу
басталды. Көлік апатына не себеп болғаны тергеу барысында анықталады», –
делінген.

Ермек САХАРИЕВ

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз