Фото ғаламтордан алынды

13-шілде   күні   мал   баққан   ағайын көптен күткен жаңалық «Мал шаруашылығын субсидиялау қағидасына» жаңа министрдің қызметін атқарушы Қарашөкеев Ербол мырза қол қойды. Шаруа баққан халықты қолдау ретінде бұрынғы министр Сапархан Омаровтың тұсында бұл субсидияны алуды жеңілдететін, шаруаларға тиімді жерлеріне белсенді азаматтар тың дүниелер қосқаны есімізде. Енді міне, заң жобасы барлық тексерістен өтіп, жаңа министрдің келуі қарсаңында іске аспақ! Осылайша Қазақияның 1352 шаруашылығы желтоқсан айынан бері ала алмаған субсидиялары (резервте тұрған) ертеңнен бастап төлене бастамақ. Бұл жақсы жаңалық! Жақсылықтың нышаны! Мал баққан халықтың көптен күткен жеңілдігі.
Ел құлағына әлі жетпеген тың жаңалықты ютуб каналы арқылы халыққа таратқан «Шопан ата» қойшылар қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаев былай дейді: Қызылордалық шаруалардың жағдайы қиын еді. Жемшөптен қысылып жатқан еді. Мына субсидия «Іздегенге сұраған» болып тұр. Елімізге құтты болсын! Шаруаларға жемісті болсын! Осы субсидияның жандануына күш салған, табандылық көрсеткен бұрынғы министр Сапархан Омаровқа ерекше рахмет айтқым келеді. Жаңа министрге де осындай нақты қадамдар жұғысты болғай! Мұндай серпінді бастамалар ауылшаруашылығының дамуына ықпал етеріне кәміл сенемін!

 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз