Әйелдің жаны мен тәні үйлесім тапқанда ғана біз толық сұлулық туралы айта аламыз.
Күллі әлемнің дидары әйелдің жанарына көшкен. Онда махаббат та, ғадауат та бар.
Әйелдің күліп тұрып жылауы, жылап тұрып күлуі — табиғатынан.
Өзі иланбаған нәрсеге әйелді сендіру қиын. Ерте ме, кеш пе, ол бәрібір өз дегенін істейді.
Әйелдің жүрегіне шоқ түспесін де, шоқ түссе, ол өзінің де, өзгенің де жан әлемін қып-қызыл өртке орайды.
Әйел — өте кешірімшіл, бірақ сондай кекшіл.
Әйел көңілдегісін көзімен айтып қояды, өйткені ол әдемі сөздерді тыңдағанды жақсы көреді.
Әйел сүймесе де, баласы үшін бар тағдырын құрбан ете алатын ғажап жан иесі.
Әйелдер болмаса, мына әлем хайуанаттар бағына айналып кетер еді.
Ерболат Баятұлы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз