Босниялық хорваттардың бұрынғы командирі, 72 жастағы генерал Слободан Пральяк босниялық мұсылмандарға қарсы әскери қылмыс жасағаны үшін өзіне 20 жыл бас бостандығынан айыру үкімі кесілгенін естіп, бірнеше секундтан кейін у ішті. Осы әрекетінен кейін ол: «Мен тура қазір у іштім. Өзімді әскери қылмыскер деп есептемеймін. Мен бұл үкімге қарсымын»,— деп мәлімдеді. Сот төрағасы отырысты мезгілінен бұрын бітіріп, жедел дәрігер шақыртты. Сот отырысы кезінде бұл үкімнің халықаралық трибуналдың соңғы шешімі болғаны да айтылған. Генерал ақыры сол удан мерт болған көрінеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз