Өкінішке қарай, бұл тұрғыда Ресей ТВ-сымен салыстыра алмаймыз. Иә, әкімшілік ресурс олардың мемлекеттік арналарында да үстем, бірақ ол елде балама пікірге, басқаша көзқарасқа орын беретін өзге электронды БАҚ та жетіп артылады.

Ал біздің телеарналар еліміздегі жүздеген ресейлік арнаның жанында теңіздегі тамшыдай ғана. Көрші ел БАҚ-тарының ықпалын азайтып, санын шектеу жөніндегі ұсыныстар қоғам тарапынан сонау 90-жылдардан бері айтылып келеді, бірақ біздің билік бұл тарапта ешқандай қадам жасаған жоқ. Қазір Қазақстанда қазақша емес, тіпті отандық арналарды да қарамайтын, тек ресейлік ТВ-ны пір тұтатын тұтас қауымдар бар. Көпшілігі ауқатты қазақтар.

Қазақтілді ТВ-ны негізінен ауыл қазақтары мен қаланың қазақы көрермені ғана көреді. Жарайды, бүкіл әлем бетін әрі бұрып, алпауыт державалар санкция салып жатқан мемлекетпен құдайы көршіміз, оның бұрынғы отарымыз, әлі де ықпалындамыз делік, сонда да билік мәдени-ақпараттық тәуелсіздікке әлдеқашан ұмтылуы қажет еді, бір адым,екі адымдап болса да алыстай беруге әрекет жасауы керек еді. Қазір Ресей ТВ-сымен тәрбиеленіп жатқан тұтас ұрпақ бар.

 

Сәкен Сыбанбай («Алматы ақшамынан»)

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз