life.ru: «Германия үкіметі қайта құрылғанға дейін оның жұмысын қазіргі министрлер кабинеті жалғастырады»,— деп хабарлайды. Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Ангела Меркель бастаған үкіметті таратып жіберді. Алайда министрлер кабинеті тек формальді түрде таратылды. Үкімет жаңа құрам жасақталғанша өз міндетін атқара бермек. Төрт жыл бойы табысты жұмыс істеген министрлер кабинетіне алғыс білдірген мемлекет басшысы: «Мен жаңа үкімет құрылғанша канцлерден міндетін атқара беруді сұрадым»,— деді. Естеріңізде болса, бундестаг сайлауы 24 қыркүйекте өткен еді. Онда Меркель бастаған ХДО/ХСО альянсы 33%-бен көшбастаған болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз