Өскемен қаласы әкімдігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасында: «Қызметтік көлікті жеке пайдасына жаратқаны үшін жазаға тартылған Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Расул Манапов қоғамдық жұмысты бастап кетті»,— деген ақпарат  жарияланды. Расул Манапов қоғамдық жұмыстарды мемлекеттік қызметінен тыс уақытта атқаратын болады. Шенеунікке берілген уақыт  20 сағатты құрайды. Бүгін ол «Өскемен Тәртіп» коммуналды кәсіпорнының жұмысшыларымен бірге таңғы 8.00-ден бастап 11.00-ге дейін Республика алаңындағы субұрқақты қыс мезгіліне дайындаған. Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің этика бойынша кеңесінде Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Расул Манаповтың қызметтік көлікті жеке пайдасына жаратқаны туралы шулы оқиға тараған болатын. Жексенбі күндері шенеуніктің демалыс базасына өзінің қызметтік көлігімен барып жүргені белгілі болған. Қала әкімінің орынбасары өзіне тағылған кінәні толық мойындап, «Өскемен тәртіп» кәсіпорнында 20 сағат қоғамдық жұмыс атқаруға міндеттелген еді. Бұл үрдіс елдің басқа өңірлеріне де сабақ болса игі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Атыңызды енгізіңіз