103 ЖАСТАҒЫ АБЫЗ АНАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

103 ЖАСТАҒЫ АБЫЗ АНАҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
 
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, Игілік ауылының тұрғыны, 103 жастағы Бибайша Өмірбаеваның шаңырағына барып, мерекемен құттықтады. Батыр анаға гүл шоқтарын тапсырып, сый - сыяпат жасады.
🔰Абыз ананы құттықтауға аудан әкімімен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов, аудандық алқабилер кеңесінің төрағасы Қалмырза Жандарбек те бірге барды.
🔰Өмірбаева Бибайша 1922 жылы 1 қаңтарда Шкалов колхозы, қазіргі Сарысу ауданы Өндіріс ауылында дүниеге келген. 1941-1950 жылдары соғыс зардабынан бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіруге қатысқан.
1950-1960 жылдары Комунар совхозында жүгері егуге қатысып (звеновод) сілтемеші болып жұмыс атқарған.
1960 жылдары Комунар совхозында ағаш өңдеу цехында жұмыс атқарған. 1970-1980 жылдары егін шаруашылығында, мақта және қызылша жинау жұмыстарын атқарған.
1980 жылы зейнетке шыққан. Соғыс ардагеріне теңестірілген батыр ана.
🔰Ғасыр жасаған Бибайша әжей аудан басшылығына ризашылығын білдіріп, елдің амандығын тіледі.
Сарысу ауданы әкімдігі
08.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 702

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 21061
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20841
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 36002
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34484
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38379